мегалобластикалық
деп атайды. Бұл
208
эмбрионалдық кезеңге тән. Сары уыз қапшығының жойылуына
байланысты әрі қарай бұл процесс бауырға ауысады.
Қанның пішінді элементтерінің дамуы сары уыз қапшығынан дамыған
тамырлар қабырғасында жүріп, эритроциттердің түзілуінен басталады. Ал,
лейкоциттердің дамуы кейінірек жүреді, қан жасалу қызметі бауырға ауысқан
кезде.
Бауырдағы қанның пайда болу кӛзі сары уыз қапшығынан миграцияланып
келген бағаналы жасушалар. Бауырда эритроциттердің дамуымен қатар
түйіршікті лейкоциттер, оның ішінде нейтрофилді және эозинофилді түрлері
пайда болады. Бұлардан басқа қанның ең ірі жасушасы мегакариоциттер де
бауырда қалыптасады. Құрсақ ішіндегі кезең соңында қан жасушаларының
бауырда пайда болуы аяқталады. Бауырда эпителиальдық безді жасушалар
дами бастаған кезде, ол ас қорыту мүшесіне айналады да, қанның жасалуы
тоқталады. Осы кезден бастап қанның түзілуі сүйектің қызыл кемігінде, кӛк
бауырда, лимфалық бездерде және басқа кейбір ретикулалық ұлпаның
жиынтығында (тимуста, лимфалық фолликулдарда т. б.) жүреді. Сүйектің
қызыл кемігінде эритроциттер (эритропоэз), дәнді лейкоциттер (гранулопоэз)
және қан пластинкалары, ал қалған қан жасаушы мүшелерде — лимфоциттер
дамиды.
Тимустың эпителийінде лимфоциттерді жіктейтін қанның бағаналы
жасушалары орналасады. Үнемі кӛбейіп отыратын тимустың лимфоциттері
шеткі иммунопоэз мүшелерінің Т-аймағында Т-лимфоциттердің пайда
болуына негіз болады.
Кӛк бауырға келіп орналасқан бағаналы жасушалардан қанның пішінді
элементтерінің барлығы экстраваскулярлы түрде пайда болады. Кӛк бауыр
қанның барлық жасушаларының дамуына зор ықпал кӛрсетеді. Эритроциттер
мен гранулоциттердің пайда болуымен қоса лимфоцитопоэз де жүреді. Әрі
қарай лимфоцитопоэз қарқындай түседі.
Лимфа түйіндерінде қанның түзілуі қанның бағаналы жасушаларының
лимфа түйініне енуінен басталады. Бірақ, мұнда негізінен лимфоциттер
дамиды. Бағаналы жасушалардан жаппай ізашарлар дами бастайды, олар әрі
қарай лимфобластарға, үлкен, кіші, орташа лимфоциттер түрлеріне жіктеледі.
Сүйек кемігінде қан жасушаларының дамуы экстраваскулярлы жолмен
ӛтеді.
Қанның
барлық
жасушалары
қанның
алғашқы
бағаналы
жасушаларынан қалыптасып шығады. Бағаналы жасушалардың бір қатары
дифференциацияланбай майда күйде қалып, дәнекер ұлпаның даму кӛзі болуы
мүмкін. Осылайша, сүйек кемігі универсальді гемоцитопоэз жасайтын
орталық мүшеге айналып, поснатальді кезеңде сол қызметін сақтап қалады.
209
Достарыңызбен бөлісу: |