Эмбрионалдық кезеңдегі қанның тҥзілуі Қанның ұлпа ретінде дамуы бастапқы кезде эмбриондардың сары уыз
қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйектің қызыл кемігінде
және лимфа түзуші мүшелерде (тимус, кӛк бауыр, лимфалық түйіндерде)
жүреді. Қан жасушаларының барлығы мезенхимадан дамып жетіледі.
Эмбрионалдық қанның түзілуі барысында, онымен қатар тамырлар жүйесінің
қалыптасуы да жүреді. Бұл процесс жүретін жерде мезенхиманың
жасушалары топталып, пішінін ӛзгертіп, жұмырланып қан аралшықтарына
айналады. Қан аралшықтарындағы жасушалар арасына ұлпалық сұйық
жиналады. Аралшықтардың шетіңде орналаскан жасушалардың бір бӛлігі
тамырдың келешек қабырғасының бастамасын құрайды. Аралшықтардың
саны тез артып, қысқа түтікшелерге айналады, олар кейін қосылып жалпы
тамырлар жүйесін құрайды. Олардың арасында қанның бағаналы (стволовые)
жасушалары түзіледі. Бағаналы жасушалардың бір тобы алғашқы қан
жасушаларына жіктеледі. Бұларды
бластар – қанның жас жасушалары дейді.
Алғашқы қан жасушалары митоздық жолмен бӛлініп, ірі кӛлемді
эритробластарға
айналады.
Эритроциттердің
түзілуі
ірі
кӛлемді
эритробластарда
гемоглобиннің
жиналуынан
басталады.
Гемоглобин
жиналуының салдарынан цитоплазма базофилдігін жойып бірте-бірте қышқыл
бояғыштармен боялатын болады, яғни оксофилді эритробластқа айналады.
Кӛлемі ұлғая келе, олардан мегалоциттер түзіледі. Қанның осындай
жолмен дамып жетілуін