Негіздері



Pdf көрінісі
бет282/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

2.2.3 Лимфа 
Лимфа
 
(lympha - сұйық) – сарғыш түсті лимфа капиллярлары мен 
тамырларында жылжып ағатын сұйықтық. Лимфа сұйықтығының құрамында 
лимфоплазма мен лимфоциттер болады. Лимфоплазма химиялық құрамы 
жағынан қан плазмасына ұқсас, бірақ белоктары аз. Лимфа сұйықтығында 
альбумин белогы кӛп болады. Белоктың құрамында диастаза, линаза және 
гликолитикалық ферменттер бар. Сонымен қатар, лимфоплазманың 
құрамында бейтарап майлар, қарапайым қанттар, NaCl, Na
2
CO
3
тұздары, 
әртүрлі қоспалары бар кальций, магний, темір болады. Лимфаның құрамында 
фириноген бар, сондықтан ол қоюланып, борпылдақ ақшыл сары түсті болып 
ұйып қалады. Лимфа ақшыл сары түсті болатыны белгілі, бірақ, әртүрлі 
мүшелерден бӛлінетін сұйықтықтың құрамы, олардың зат алмасу процесіне 
және әрекет ету ерекшеліктеріне тәуелді. Мысалы, аяқ-қол мүшелерінен 
бӛлінген лимфаға қарағанда, бауырдан бӛлінетін лимфада белоктар кӛп 
болады, ішкі секреция бездеріндегі лимфа тамырларындағы сұйықтықта 
гормондар бар, майлы тамақ ішкеннен кейін ішектен бӛлінген сұйықтықтың 
түсі сүт сияқты ақшыл болады, себебі лимфа құрамында сіңірілген май 
эмульсиясы бар. Сондықтан ішек лимфа тамырларын «сүтті» тамыр деп 
атайды. 
Лимфаның пішінді элементтерінің құрамында моноциттер, лейкоциттер 
және лимфоциттер болады, кейде эритроциттерде кездесіп қалуы мүмкін. Ал, 
лимфоциттер пішінді элементтердің 98% құрайды. 
Лимфа ұлпадағы, мүшелердегі лимфакапиллярларда жиналып, кӛптеген 
факторлардың әсерінен (осмостық және гидростатикалық қысымнан) 
ұлпалардан лимфоплазмаға ӛтіп отырады. Лимфаның құрамы үнемі ӛзгеріп 
отырады, оны келесі түрлерге ажыратады: 
1. Шеткі лимфа – лимфа түйініне дейінгі; 
2. Аралық лимфа – лимфа түйінінен ӛткеннен кейінгі; 
3. Орталық лимфа - кӛкірек, оң жақ лимфа ағымындағы.


207 
Лимфа сұйықтығының қалыптасуына жасуша аралық кеңістікке қаннан 
бӛлінген су және басқа заттар, сонымен қатар ұлпа аралық сұйықтықтар ӛте 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет