А Б В 100 – сурет. Қандағы агранулоциттердің тҥрлері А – лимфоцит, Б - моноцит, В - макрофаг.
Қандағы моноциттер әртүрлі ферменттерді және реттеуші молекулаларды
синтездейді. Ал, реттеуші молекулалар қабыну реакциясын дамытуға
қабілетті болуы мүмкін немесе керісінше тежеуі мүмкін. Қабыну
реакциясының дамуы немесе тежелу қажеттілігі ағзаның қолдауымен
анықталады, моноциттер тек ғана бұйрықты орындайды.
Сонымен қатар, моноциттер жараның жазылып кетуіне қатысып, жазылу
процесін қарқындатуға үлес қосады және жүйке талшықтарының қалпына
келуіне, сүйек ұлпаларының ӛсуіне мүмкіндік туғызады. Ұлпадағы
макрофагтар қорғау қызметін атқаруға бейімделген: ауру қоздырғыш
агенттерді фагоцитоздайды, вирустардың кӛбеюін тежейді.