Негіздері



Pdf көрінісі
бет274/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

2.
Нейтрофилдер
лейкоциттердің 50—70% құрайды. 1 мм
3
қанда 3000-
нан 6000-ға дейін нейтрофилдер болады. Адамның бес литр қанында 15-тен 
30 миллионға дейін нейтрофилдер бар. Бұл лейкоциттердің ішіндегі кӛбі. 
Нейтрофилдер сүйек кемігінде 
миелобластан
дамиды, пішіні дӛңгелек,


201 
ядросы бӛліктерге бӛлінген. Пісіп жетілген жасушалардың ядросы 2—5
бӛліктен тұрады. Цитоплазмасында кӛптеген гранулалар орналасқан, олар 
нейтральді реакция беретін (рН = 7,0) бояғыштармен бояғанда сия кӛк түске 
боялады. Сондықтан нейтрофил деп атаған, гранулаларының пішіні майда 
дәндер сияқты. Әрбір жасушада 50-ден 200-ге дейін гранулалар болатыны 
анықталған. Гранулоциттер қан ағысында 8—10 сағаттан артық болмайды. 
Содан кейін, олар ұсақ тамырлардан (венулалардан) шығып, дәнекер 
ұлпасына ӛтіп, онда 2-3 тәулік тіршілік етіп, бауырда немесе кӛк бауырда 
ыдырап кетеді. Пісіп жетілген нейтрофилдің тіршілік ету ұзақтығы 14 тәулік. 
Нейтрофилдер лизосомаларға бай келеді және митохондрияларында 
тотықтырғыш ферменттердің активтілігі жоғары. 
Нейтрофилдерде 
гидролиздеуші және тотықтырғыш ферменттердің кӛп болуы олардың 
маңызды қызметімен байланысты. Бұл жасушалардың фагоцитоздық активтігі 
эозинофилдерден күшті. Нейтрофилдер микроорганизмдерді ұстап алып 
қорыта алады. И.И.Мечников оларды 
микрофагтар 
деп атаған. 
Нейтрофилдер жылжып қозғалып, тамырлар арнасынан шығып, қабыну 
ошағына кӛп мӛлшерде жиналады. Микроорганизмдерді қармап ұстап, оларды 
гидролиздейді, сонымен қатар жасуша да ферменттердің әсерінен ыдырайды. 
Нейтрофилдер ыдыраған кезде микроорганизмдердің дамуын бӛгейтін және 
жасушалардың кӛбеюіне әсер ететін физиологиялық активті заттар бӛлініп 
шығады. Сонымен, нейтрофилдердің негізгі қызметі – қорғаушы, бұл қызметті 
фагоцитоздық қабілетімен іс жүзіне асырады және адамды иммунитетпен 
қамтамасыз етеді (99 - сурет Б). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет