221
Тығыз дәнекер ұлпа талшықтарының бағыты мен орналасуына
байланысты екі түрге ажыратылады:
тығыз талшықты қалыптаспаған
және
тығыз талшықты қалыптасқан
дәнекер ұлпалар.
Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасында жасуша аралық заттың
талшықтар шоғыры түрлі бағыттарға қарай орналасқан және олардың
орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды. Тығыз қалыптаспаған
дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілер терісінің негізін құрайды.
Коллаген талшықтарының шоғырлары түрлі бағытта орналасып, айқыш-
ұйқыш шырмалып жатады. Дәнекер ұлпасының бұл түрінде коллагендік
талшықтармен бірге эластиндік талшықтар да кездеседі ( 109- сурет).
Достарыңызбен бөлісу: