коллагенді және
серпілмелі (эластикалық) деп екіге бӛледі
(110 - сурет).
Коллаген талшықтары бір-біріне параллель және тығыз орналасады.
Талшықтар шоғырының арасында саңылаулар болады, ондағы аморфты затта
фиброциттер жатады. Фиброциттер немесе сіңір жасушалары, бірінші реттегі
коллаген талшықтар шоғыры тізбектерінің арасында орналасады. Бірінші
реттегі коллаген шоғырлары бірігіп,
екінші реттегі шоғырларды
құрайды. Оларды
эндотеноний (tendo — сіңір) деп аталатын борпылдақ
қалыптаспаған дәнекер ұлпаның жұқа қабаты қоршап тұрады. Осы
принциппен екінші реттегі коллаген шоғырлары,
үшінші реттегі шоғырларға бірігеді, бұларды да дәнекер ұлпасы қаптайды, бірақ олардың
дәнекер ұлпалық қабы қалың болады және
перитеноний деп аталады.
Тығыз қалыптасқан серпілмелі дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілерде
желке мен дыбыс тарамыстарын құрайды. Бұл ұлпаның құрылысы тығыз
қалыптасқан коллагендік дәнекер ұлпасына ұқсас, айырмашылығы оның
негізгі құрылымдық компоненті эластиндік талшықтар, коллагендік
талшықтар аз болады. Тығыз қалыптасқан серпілмелі дәнекер ұлпасы
шоғырларға бӛлінбейді.