Негіздері


остеобластар, остеоциттер



Pdf көрінісі
бет321/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

остеобластар, остеоциттер
және 
остеокластар
.
Остеобластар 
сүйек ұлпасының негізін түзетін жасушалар.
 
Сүйек қабы 
астында, қуыстарда және сүйектің регенерацияланатын жерінде орналасады. 
Қуыстар ӛзара жіңішке түтікшелермен жалғасады, осы түтікшелер арқылы қан 
тамырлары ӛтеді. Остеобластар бӛлініп кӛбею қасиетіне ие, сүйектің сынған 
жерінде кӛбейіп, сүйек балкасын түзеді. Бұл жасушалардың пішіндері әртүрлі: 
куб тәрізді, пирамида сияқты, кейде көп бұрышты 
болып келеді, мӛлшері 
15-20 мкм. Ядросының пішіні дӛңгелек немесе сопақша цитоплазмада 
эксцентрлі орналасқан (117-сурет А). Цитоплазмасында жақсы жетілген 
түйіршікті эндоплазмалық тор, митохондриялар, Гольджи комплексі бар. РНҚ 
кӛп, сілтілік фосфатазаның белсенділігі жоғары, сондықтан сүйектегі 
минералды заттардың алмасуында маңызды рӛл атқарады. Остеобластардың 
негізгі функциясы сүйектің органикалық матриксін синтездеу және 


234 
секрециялау. Секреция кезіндегі ӛнімі проколлаген мен сүйек матриксінің 
аморфтық компоненттері және кейбір ферменттер. Проколлаген коллаген 
талшықтарына айналады. Остеобластар жіктеліп остеоциттерге айналады.
Остеоциттер
сүйектің дефинитивті (тұрақты) жасушалары, пішіні 
жұлдыз тәрізді, кӛп ӛсінділі (117-сурет Б). Қалыптасқан ұлпада остеоциттер 
бӛліну қабілетінен айырылған, жоғары дәрежеде мамандалған жасушалар. 
Құрамында ірі ядросы мен әлсіз базафильді боялған цитоплазмасы бар. 
Цитоплазмасында митохондрия саны аз және шала жіктелген Гольджи 
комплексі орналасқан. Негізгі затының тығыз болуына байланысты 
остиоциттер, ӛз пішіндеріне ұқсас ерекше қуыстарда орналасады. Қуыстардың 
ұзындығы 22-25 мкм, ені 6-14 мкм және олардың іші сұйықтыққа толы 
болады. Қуыстардан түтікшелер тарайды. Кӛршілес жасушалардың 
түтікшелері бір-біріне ұласып, жалғасып жатады. Остеоциттер мен сүйек 
түтікшелері 
капсуламен 
қоршалған. 
Капсула 
жіңішке 
коллаген 
талшықтарынан және белокпен қосылған полисахаридтен тұрады. Жасуша 
аралық заттардың құрамында коллаген талшықтары мен аморфты заттың 
мӛлшері аз болады және кальций тұздары бар. Сүйек түтікшелері мен сүйек 
қуыстары арқылы ұлпадағы метаболизм процесін қамтамасыз ететін ұлпалық 
сұйықтардың ағымы ӛтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет