2.4.2 Сҥйектің мезенхимадан дамуы Сүйектің ұрықтық дәнекер ұлпасынан дамуы шеміршек орнында
дамудан бұрын басталады (119- сурет). Келешек сүйектің орнына коллагендік
талшықтары кӛп және жедел кӛбейетін ұсақ жасушалары бар дәнекер ұлпасы
пайда болады.
Дәнекер ұлпасының жасушалары остеобластарға айналады. Синтездеу
қабілетінің артуымен остеобластар аморфтық жасуша аралық зат пен
коллаген талшықтарын түзеді. Негізгі - жасуша аралық зат қалыптасқаннан
кейін остеобластар сүйек жасушасы – остеоциттерге айналады. Жаңадан
пайда болған жасуша аралық зат мукопротеид пен коллагеннен тұрады.
Коллаген талшықтарында мукополисахаридтер болғандықтан кальций
жиналмайды, соның әсерінен онда минералды тұздар болмайды. Ондай сүйек
тәрізді ұлпа жұмсақ болады, пышақпен жеңіл кесіледі. Дамудың келесі
кезеңінде ұлпадағы органикалық фосфаттарды ыдыратып, минералдық
тұздардың шӛгуін қамтамасыз ететін фосфатазалар кӛп мӛлшерде пайда
болады. Осы кезде сүйек тәрізді ұлпаның жасуша аралық затында
мукополисахарид молекулалары ыдырап, қалдықтары еріп, жасуша аралық
заттың органикалық бӛлігі толықтай 95-99% коллагеннен тұратын болады.