Сҥйек ҧлпасының дифферондары мен остеогенезі Сүйектің дамуы екі жолмен қалыптасады:
1. Сүйектің мезенхимадан дамуы (тікелей остеогенез);
2. Шеміршектің орнына қалыптасып дамуы (тікелей емес остеогенез).
Сүйектің ұрықтың дәнекер ұлпасынан дамуы, шеміршек орнында
дамудан бұрын басталады. Постэмбриональді кезеңдегі сүйектің дамуы –
физиологиялық және реперативті регенерацияға жатады. Сүйек ұлпасының
дамуы барысында сүйектің дифферон қатарын түзетін жасушалар пайда
118 – сурет. Сҥйек жасушалары 1 – остеокластар,
2 - остеобласт,
3 - остеоциттер.
(K.Redlich бойынша)
1
2
3
236
болады, олар: бағаналы, жартылай бағаналы, остеобластар (фиброциттердің
бір түрі), остеоциттер болып жіктеледі. Бағаналы жасушалардан сүйек
ұлпасындағы остеокластар дамиды, бұлар ағзадағы макрофагтардың бір түрі.