Миосимпластың қҧрылысы . Миосимпластың құрамындағы ядролар
тікелей сарколемманың астында орналасқан, пішіні сопақша, саны он
мыңнан асады. Миофибриллалар миосимпласты бойлай ұзыннан созыла
орналасып, оның негізгі бӛлігін толтырады.
Миофибриллалар к ӛлденең салалы бұлшық ет пен жүрек бұлшық
еттерінің сарколеммасындағы жиырылғыш жіптер, бұлшық еттің
жиырылуын қамтамасыз етеді. Олар бӛліктерден тұрады. Бӛліктердің
жарықты ӛткізу қабілеті әртүрлі. Бӛліктердің бірі күңгірт – жарық сәулесін
нашар ӛткізеді, екіншісі ақшыл - жарық сәулесін жақсы ӛткізеді, оларды
дискілер деп атайды. Күңгірт дискілерді анизотропты немесе