31
маңызды бӛлімі – ферменттердің гистохимиясы. Оның кӛмегімен кӛптеген
ферменттердің белсенділігін анықтауға, жасушалар мен ұлпалардағы зат
алмасу процестерін зерттеуге болады. Гистохимияның бір түрі
иммуногистохимия (иммуноцитохимия). Иммуногистохимиялық әдістер
антиген-антиденешік реакцияларына негізделген. Организмнің әрбір
жасушасының ӛзіне тән антигендік құрамы болады. Қай антиген болсада
иммунизация арқылы оларға антиденешікті ӛндіруге болады. Ол кейін
флуорохроммен бірігіп, ӛздеріне тән антигендері бар жасушалармен
байланысады. Иммуногистохимия әдісі жасушалардың жіктелу сатысы мен
олардың құрамындағы әртүрлі заттарды анықтауға қолданылады. Кейінгі
кездерде электронды-микроскопиялық цито- және гистохимия мен
электронды-иммуноцитохимия әдістері кең таралған.
Достарыңызбен бөлісу: