32
морфометриялық
тор қолданылады, ол торларда нүктелер орналасқан.
Мысалы, жиі қолданылатын Г.Г.Автандиловтың
морфометриялық торында
екі тӛрт бұрыш (квадрат) болады, оның біреуі ұсақ тӛрт
бұрыштарға
бӛлінген. Олардың әрқайсысында 25 нүкте бар (барлығы 100). Бӛлінбеген
үлкен тӛрт бұрышта 25 нүкте болады. Морфометриялық тордың кӛмегімен
гистологиялық объектінің құрылымдарының кӛлемдік үлестерін
анықтауға
болады. Ол үшін торды кездейсоқ бірнеше рет ұлпаның немесе мүшенің
кесіндісіне түсіріп, әртүрлі құрылымдарға түскен нүктелер саналады.
Мысалы, дәнекер ұлпасында жасушаларға 10 нүкте, ал жасуша аралық затқа
90 нүкте түссе, жасуша аралық заттың кӛлемі 90%, ал жасушалар -10%
құрайды.
Кейінгі кезде күрделі құралдардың кӛмегімен автоматты түрде
гистологиялық және гистохимиялық зерттеулер жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: