5. Материалды тығыздату. Оны объектіден жұқа кесінділер дайындауға ыңғайлы болу үшін
жүргізеді. Ол үшін материалды парафинде, целлоидинде немесе
целлоидин-парафинде бекітеді. Бӛлме температурасында парафин қатты
түрде болады, объектіге парафинді сіңіру үшін, оны термостатта 52-56
0
С
дейін қыздырады. Парафин спиртпен араласпайтын болғандықтан, спиртпен
араласатын ксилол немесе толуолды қолданып, парафинді ерітеді. Еріген
парафин бірте-бірте объектіге сіңе бастайды.
Объектіні спиртке салып сусыздандырғаннан кейін, оны спирт пен
ксилолдың теңдей бӛліктерінен тұратын ерітіндіге салып, одан кейін таза
ксилолға салады. Әрі қарай объектіні 37
0
С дейін қыздырылған парафин мен
ксилолдан тұратын қоспада бірнеше сағат ұстағаннан кейін, 52-56
0
С
температурада ерітілген таза парафинге салып, қағаздан немесе металдан
жасалған қалыптарға құйып, тік бұрыштап кесіп, блоктар дайындайды.
Ағаштан жасалған кубиктерге блоктардағы әлі де болса балқып тұрған
парафиндерді жабыстырады. Осы күйде материалды кесіп, бірқатар жұқа
(4-6 мкм) кесінділер алуға болады. Парафиндеу кезінде объектінің
тығыздалуы жүретінін есепке алу қажет. Ферменттердің гистохимиясы
үшін материалды сұйық азотта мұздатады.