Ацидофилия
– оксифилия сияқты.
4.
Базофилия
– құрылымдардың негізгі бояулармен боялуы.
5.
Полихроматофилия
- құрылымдардың негізгі және қышқыл
бояулармен боялуы. Мысалы, нейтрофилді лейкоциттер түйіршіктерінің
боялуы. Синонимі ретінде
НЕЙТРОФИЛИЯ
терминін жиі қолданады.
6.
Метахромазия
- ӛзге түске боялу.
7.
Аргентофилия
– құрылымдардың күміс тұздарымен боялуы.
8.
Хромофилия
- құрылымдардың хром тұздарымен боялуы.
9.
Кесінділердің консервациясы.
Кесінділердің бетіне бір тамшы
бальзам тамызып, жабынды шынымен бетін жабу. Бальзам кепкен соң
микроскоп арқылы зерттеуге болады.
Объектіні трансмиссиондық электрондық микроскоппен зерттеу үшін,
жоғарыда айтылған гистологиялық техника сияқты ӛңдеу жүргізіледі.
Бірақ, материалдың кӛлемі 2 мм жоғары болмау керек. Материалды
альдегидтерде (глутаральдегидте), кейін осмийдің тӛрт тотығының
ерітіндісінде қосымша бекітеді. Материалды эпон, аралдит және т.б.
синтетикалық смолаларда бекітеді. Қалыңдығы 30-50 нм ультражұқа
кесінділерді ультратомда дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |