Келесі ұғымдардың мәнін түсіндіріңіз: 1) адамды тәрбиелеу; 2) тұлғаны тәрбиелеу; 3) тұлғаны әлеуметтендіру; 4) педагогикалық процесс.



Pdf көрінісі
бет18/71
Дата15.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#143401
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
Байланысты:
Тәрбие экзамен ответы

Тәрбие тәсілі
– тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда 
тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін 
айқындайды. 
Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді 
болады. Мәселен, бірінші сыныпе оқушысына мұғалім мінез – құлық 
ережесін, жолдастарымен қарым – қатынас жасау ережесін, үйде, 
мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. 
Мұғалім бірінші күнен – ақ мектеп, сынып, парта, кітап, коридор, басқыш, 
спорт зал, т.б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру, т.б. ережелерді 
үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы 
педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін – 
бірі алмастыра алады. 
Тәрбие құрал-жабдықтары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық 
тәуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тәрбиелік 
ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал-жабдығы есептеледі. 
Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, 
өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт 
көріністері және т.б. – тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құрал-жабдықтары 
тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді, сонымен бірге оларды тәрбиеші 
мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін. 
Тәрбие құрал-жабдықтары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін 
іріктеледі. Мұндай да таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады. Құралдар 
өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тәрбиеленушілердің белсенділігін 
көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, 
психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-әрекет сайманы ретінде 
қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с. 
2)
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, 
қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән 
туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. 
Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала 
және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. 


Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. 
Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы 
– ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не 
табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды 
кешенін туғызады. 
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші 
негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – 
сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және 
өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан 
тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты 
ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне 
жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге 
асыратын өз ісінің шебері.Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-
аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының бес түрлі қызметі 
анықталған. 
Олардың 1 – қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер 
арқылы тарту; 
• Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні; 
• Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар; 
• Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы; 
• мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және 
сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету. 
2-қызметі: Ата-аналармен педагогикалық – психологиялық ағарту жұмысын 
ұйымдастыру ; 
• Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық 
конференциялар ұйымдастыру; 
• Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер; 
• Тренингтер; 
• Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі 
үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері. 
3 – қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту 
Оның формалары: 
• сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, 
сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.); 
• Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды 
қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.); 
• Оқырмандар конференциясы; 
• Отбасылық ойын байқаулары; 
• Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе 
дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді. 
4 – қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету 
жұмыстарын жүргізу. 
• Тәрбие саласында байланысты психологиялық - педагогикалық кеңестер мен 
көмектер беру; 
• «Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу; 


• Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және 
қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу. 
5 – қызметі: Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық 
ұйымдарымен өзара әрекет ету. 
3)
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам 
өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, 
демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни 
өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз 
күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады. 
Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы 
саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-
әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай 
отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-
өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады. Қорыта 
айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның 
еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында 
қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. 
Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат 
байқалады: (А.В. Петровский) 
1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның 
құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, 
қиял т.с.с 
2. Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық 
әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра 
алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика 
әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті. 
3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат 
берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық 
сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін 
алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат 
қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің 
орындалу жолын анықтау т.с.с. 
4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы 
міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық 
қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. 
Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы 
мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз. Тіл – бұл қоғамдық тарихи 
тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты 
адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі. 


Алғашқы 
рет сана 
мен іс-әрекеттің
бірлігі жөніндегі идеяны 
алға 
тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол «іс-әрекет және сана назар аударылған 
объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, 
бірлік»,- деп жазған. 
Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет 
қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы 
тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай 
ғылыми 
таным әрекет 
пен оның 
өнімін 
білуден олардың орындалу 
барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана 
мен әрекет 
бірлігі принципі
психологияның
барша объектив 
әдістерінің негізіне айналды. 
№ Сұрақтар/тапсырма 
Балл 
Жинаған 
балл 

"Тәрбие әдісі" мен "оқыту әдісі" ұғымдарының 
арасындағы жалпы ерешеліктері мен айырмашылықтары 
неде? Кесте арқылы көрсетіңіз 
35 

"Мектептің тәрбие жүйесі" мен "тәрбие 
жұмысы"ұғымдарының арасындағы айырмашылықты 
талдаңыз? 
35 

Ойды жалғастырыңыз, өз нұсқаңызды ұсыныңыз: 
"баланы әділ және дұрыс бағалау үшін ата-аналар 
баланың өзі таңдаған саласынан өз саласына 
ауыстырмауы керек, әлде...................» 
30 
1) 
Тәрбие әдісі
оқыту әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет