Мектептің тәрбие жүйесі
- мектептің тұтас әлеуметтк- пед. құрылымын
құрайтын және тәрбиенің күшті және ұдайы әрекет ететін факторы болып
табылатын өзара байланысты компоненттердің (тәрбие мақсаттары, оларды
іске асыратын адамдар, олардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы, басқа да
қатынастар,
өмірлік
кеңістік)
жиынтығы.
Тәрбие
жүйесінің
мақсаты:
оқушылардың үйлесімді дамыған, шығармашылық, адамгершілік
және физикалық сау, саналы өмір позициясын таңдауға қабілетті қасиеттерін
қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Тәрбие жүйесінің міндеттері:
- білім алушыларда азаматтықты, патриотизмді, жоғары рухани қағидаттар
мен құндылықтарды қалыптастыру;
- салауатты өмір салтына қажеттілікті тәрбиелеу және дамыту;
- әр баланың табиғи мұраларын және шығармашылық әлеуетін анықтау және
дамыту;
- өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзіндік "Мен" ұғымын қалыптастыру, балаға
өзін-өзі жүзеге асыру мен әлеуметтендіруге көмек көрсету.
3)
Олар төмендегі себептерге байланысты балалары үшін таңдау жасайды:1.
Бала отбасындағы дәстүрлі мамандықты жалғастыруға міндетті деп
ойлағандықтан.2. Баласы түсейін деп отырған оқу орнында жақсы таныстары
бар.
3. "Әйтеуір оқып алсыншы, сосын көре жатармыз" деген ой.
Құрметті ата-аналар! Сіздің таңдауыңызға бола балаңыз 12-15 жылын босқа
жоғалтуы мүмкін. Яғни, өзі қаламаған мамандықты оқып, ұнамайтын
қызметте жұмыс істеп, артынша өзі үшін біреудің таңдау жасағанына қатты
өкінетін болады.
№ Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған
балл
1
Мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары,
ерекшеліктері, негізгі қағидалары, құраушы
компоненттеріне сипаттама беріңіз
35
2
Оқушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген
тұлғаның субъективтілігін қалыптастыруда
педагогикалық қолдаудың мәнін ашыңыз
35
3
Тәрбие жоспарына қойылатын талаптарды көрсетіңіз
30
1)
Кез-келген мектептің тәрбиелік жүйесі ең алдымен педагогикалық ұжым
ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды. Егер жоқ болса онда
жүйе де жоқ. Өкінішке орай жаңадан құрылған жүйелердің авторлары, оны
қалай жасайтынын айтады да, ал оны не үшін жасайтыны туралы ештеме
демейді. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтайды және жүзеге асырады.
Автормен бірге жүйені педагогтар, оқушылар, ата- аналар,
мәдени мекемелер
,
құқықтық басқа да мектеп өміріне қатысты тұлғалар құрады. Сондықтан осы
адамдардың барлығы да жүйені тудырушылар болып есептеледі, олар
мектептің тәрбиелік ұжымымен қоян-қолтық бірлесіп әрекет еткенде ғана
тәрбиелік жүйенің өзегіне айналады.Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің
тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен
дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің
негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы жәнеолардың өзара
әрекеттестігі. Тәрбиелік құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау
өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара
әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның
психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза
ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген
әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің
компоненті. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара
байланысты.Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың
тәрбиелік жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский,
Н.Е.Шуркованың
тәрбиелік
жүйелері,
олардың
сипаттамасы.
В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері.
Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік
жүйені анықтауға арналған зерттеулері.Мектептің тәрбие жүйесінің
пайда
болуы
, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік
факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып
табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік
ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде
нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес
үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін
нақты елестете болжай білу өте маңызды.
2)
Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның
денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге
бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Педагогикалық қолдаудың тиімді
жағдайлары (тұлғааралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі,
педагогикалық әдеп және т.б.) Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық
қолдау нормасында бейнелеп көрсету. Қолдаудың тактикасы: «қорғау»
тақтикасы, «көмектесу» тактикасы, «ықпал ету» тактикасы, «өзара
әрекеттесу»
тактикасы.
Педагогикалық
қолдаудың
әдістері
мен
тәсілдері.Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және
мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз
білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда
көздеген нәтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды.
«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл
парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық
тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог
В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр
оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу
тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.
Соңғы кезде «қолдау» атты сөз заманауи қоғамдағы балалардың білім
мәселелеріне байланысты ескеріледі [2]:
1.
Мектептің тәрбие институты ретінде мәртебесі түседі, бұл
жоспарда ол ата – аналармен балалардың әлеуметтік күтімді ақтамайды,
осыдан білімге бағытталған мектептің талаптары мен қабілетінің қайшылығы
пайда болады;
2.
Балалардың интеллектуалды қабаттануы, жеке балалардың
қолайсыздығы және өзін - өзі бекіту, өзін - өзі білдіру, өзін - өзі дамыту барлық
балалар үшін қалыптастырудың қажеттілігі;
3.Педагогтардың балалар оқу жетістіктерінің және интеллектуалды
еңбек адамдар жағдайының талаптар арасында;
4.Отбасының тәрбие әуелетінің оқу маңыздылығы және отбасы
«жабуының» күшейуі арасында, оның мектеппен ынтымақтастықта
болмауы;
5. Отбасындағы білім және педагогтар мен ата – аналарға арналған жаңа
тәрбиелік мәселелер арасында.
Педагогикалық қолдау әр жағдайатта, оқушы өзінің дағдыларын
жанжалда, қиын жағдайатта жаттықтыру, өз қабілетін дамыту үшін қажет,
яғни өзінің айқындамасын табу, анықтау және құрастыру үшін
3)
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат.
Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі
түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда
тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар
ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің
тәрбие жоспарындағы оның мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу
барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің
сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының
кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары
объективті тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере
отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның
талабына сай нәтижелі жүргізіледі.Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі
талаптар:
1.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын кұру
барысында оқушылардың
белсенділігін арттыра отырып
, олардың өздерін
қатыстыруды қамтамасыз ету.
2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның максатымен бірлікте болуы
қажет.
4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін
ескеру.
5.Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын
болсын.
6.Тәрбие жоспарындағы атқарылатын
шаралар саны жағынан емес
,
сапасымен анықталатын болсын.
7.Тәрбиелік шараларды атқаруда колданылатын әдістер бір сарынды емес, әр
тарапта және әр жақты болуын ескеру керек
8.Жоспар құру барысында сынып жетекшісі окушылардың не нәрсеге
қызығатынын, олардың кандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған
шараларға қалай қарайтынын анықттау қажет.
9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген
шаралар жеке-дара емес
,
біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
№ Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған
балл
1
Қазіргі жалпы орта мектептегі сынып жетекшісінің
атқаратын қызметтері туралы өз көзқарасыңызды
дәлелдеңіз
35
2
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие
жұмысының ерекшеліктерін ашыңыз
35
3
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты
мен міндеттерін көрсетіңіз
30
1)
Сынып жетекшінің қызметтері:
Тәрбиелік-түзетушілік:
· мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру
· креативті қабілеттерін дамыту
· жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу
· қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу
Жеке жұмыс
· психологиялық педагогикалық жұмыс
Карталары
· Тестілеу
· Сауалнама жүргізу
· Бала денсаулығын қадағлау
· Ауырған балаларға қамқорлық көрсету
· Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау
· Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
· Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
Ұйымдастырушылық
· түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру
· оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру
Бақылаушылық
· оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру
· оқушы үлгерімін есепке алып отыру
· оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру
· оқушылардың сырт киімдерінің талапқа сай болуын қадағалау
· тамақтануды ұйымдастыру
Коммуникативтік
- балалар арасындағы қатынастарды реттеу
- «Оқушы-мұғалім », «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді
қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу
- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас
қалыптастыруына көмек көрсету
Аналитикалық
- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу
- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау
- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау
2)
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды
мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау.
Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның
жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке
тұлғаны ынталандыру, қызықтыру.
Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай
және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.
Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жылсайын өткізілетін ән, сурет
сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға
пікірталас өткізу.
Қашық перспектива - ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге
созылатын бір істі орындауға талаптануы.
Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп
бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру
немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.
Қоғам адамдары кашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға,
Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта
перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Әрбір мұғалімнің міндеті - перспективаларды оқу және тәрбие барысында
тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы
үшін таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы
дайындық дәрежесін еске алу.
3)
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын
әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының
оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу
бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін
әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны,
қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі
сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым,
мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа
жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады,
басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-
өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс
жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық
әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс»
терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және
әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы
болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында
және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал:
пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған
білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету
бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып
жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында
белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін
сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету
мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып,
оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны
болып саналады.
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс
жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға
қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар
жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға
назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл
сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек.
Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін
және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың
ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың
ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын
оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы
икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше,
немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау,
олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін
тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс
жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және
әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға
беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға
газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының
нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен
талқылауды қажет етеді.
№ Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған
балл
1
«Қиын балалар», «девиантты балалар», «проблемалы
балалар», «қауіпті балалар тобы» ұғымдарының мәнін
ашып, өз тұжырымдамаңызды ұсыныңыз
35
2
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы
педагогикалық іс-әрекеттің қағидалары мен
заңдылықтарын ашыңыз
35
3
Ұжымның даму кезеңдеріне мысал келтіріңіз
30
1)
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде
пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа
енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен
көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты
зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер баршылық.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де
болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке
салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына,
ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып,
жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда
бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры,
болашағы қандай болмақ.
Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік-
псхологиялық әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық
ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет
бұрады. Егер талдау жасап, жасөспірімдер қылмысын тізе берсек, тізім созыла
береді. Ал балалардың сол қылмысқа бару себебін іздеп, қиын балалар қалай
шығатынын зерттесек, біріншіден, баланың қарны тойып тамақтануы, үйде
жанжал шыққан күннің ертесінде мектепке бару, бармау мәселелері тұрады.
Осы және тағы басқа мәселелерді реттеу, шешу жолдары тиісті адамдар
тарапынан ұсынылған. Бала – біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де,
осы келешек ұрпақ.
Достарыңызбен бөлісу: |