1ответ
Кез-келген мектептің тәрбиелік жүйесі ең алдымен педагогикалық ұжым
ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды. Егер жоқ болса онда
жүйе де жоқ. Өкінішке орай жаңадан құрылған жүйелердің авторлары, оны
қалай жасайтынын айтады да, ал оны не үшін жасайтыны туралы ештеме
демейді. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтайды және жүзеге асырады.
Автормен бірге жүйені педагогтар, оқушылар, ата- аналар,
мәдени мекемелер
,
құқықтық басқа да мектеп өміріне қатысты тұлғалар құрады. Сондықтан осы
адамдардың барлығы да жүйені тудырушылар болып есептеледі, олар
мектептің тәрбиелік ұжымымен қоян-қолтық бірлесіп әрекет еткенде ғана
тәрбиелік жүйенің өзегіне айналады.Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің
тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен
дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің
негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы жәнеолардың өзара
әрекеттестігі. Тәрбиелік құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау
өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара
әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның
психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза
ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген
әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің
компоненті. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара
байланысты.Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың
тәрбиелік жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский,
Н.Е.Шуркованың
тәрбиелік
жүйелері,
олардың
сипаттамасы.
В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері.
Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік
жүйені анықтауға арналған зерттеулері.Мектептің тәрбие жүйесінің
пайда
болуы
, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік
факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып
табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік
ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде
нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес
үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін
нақты елестете болжай білу өте маңызды.
2ответ
Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық,
қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған
өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары
(тұлғааралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагогикалық
әдеп және т.б.) Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық қолдау
нормасында бейнелеп көрсету. Қолдаудың тактикасы: «қорғау» тақтикасы,
«көмектесу» тактикасы, «ықпал ету» тактикасы, «өзара әрекеттесу» тактикасы.
Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері.Оқытудың мәні - әлем
туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар,
адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық
қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу. Жеке тұлғаға арналған
педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нәтижелерден
алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды.
«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл
парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық
тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог
В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр
оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу
тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.
Соңғы кезде «қолдау» атты сөз заманауи қоғамдағы балалардың білім
мәселелеріне байланысты ескеріледі [2]:
1.
Мектептің тәрбие институты ретінде мәртебесі түседі, бұл
жоспарда ол ата – аналармен балалардың әлеуметтік күтімді ақтамайды,
осыдан білімге бағытталған мектептің талаптары мен қабілетінің қайшылығы
пайда болады;
2.
Балалардың интеллектуалды қабаттануы, жеке балалардың
қолайсыздығы және өзін - өзі бекіту, өзін - өзі білдіру, өзін - өзі дамыту барлық
балалар үшін қалыптастырудың қажеттілігі;
3.Педагогтардың балалар оқу жетістіктерінің және интеллектуалды
еңбек адамдар жағдайының талаптар арасында;
4.Отбасының тәрбие әуелетінің оқу маңыздылығы және отбасы
«жабуының» күшейуі арасында, оның мектеппен ынтымақтастықта
болмауы;
5. Отбасындағы білім және педагогтар мен ата – аналарға арналған жаңа
тәрбиелік мәселелер арасында.
Педагогикалық қолдау әр жағдайатта, оқушы өзінің дағдыларын
жанжалда, қиын жағдайатта жаттықтыру, өз қабілетін дамыту үшін қажет,
яғни өзінің айқындамасын табу, анықтау және құрастыру үшін
3ответ
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат.
Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі
түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда
тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар
ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің
тәрбие жоспарындағы оның мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу
барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің
сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының
кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары
объективті тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере
отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның
талабына сай нәтижелі жүргізіледі.Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі
талаптар:
1.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын кұру
барысында оқушылардың
белсенділігін арттыра отырып
, олардың өздерін
қатыстыруды қамтамасыз ету.
2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның максатымен бірлікте болуы
қажет.
4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін
ескеру.
5.Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын
болсын.
6.Тәрбие жоспарындағы атқарылатын
шаралар саны жағынан емес
,
сапасымен анықталатын болсын.
7.Тәрбиелік шараларды атқаруда колданылатын әдістер бір сарынды емес, әр
тарапта және әр жақты болуын ескеру керек
8.Жоспар құру барысында сынып жетекшісі окушылардың не нәрсеге
қызығатынын, олардың кандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған
шараларға қалай қарайтынын анықттау қажет.
9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген
шаралар жеке-дара емес
,
біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
№
Сұрақтар/ тапсырма
Балл
Жиналған
балл
1
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі тәрбие үдерісінің тұлғалық-
бағдарлық, тұлғалық-іс-әрекеттік, аксиологиялық және
гуманистік мазмұнына теориялық талдау жасаңыз?
35
2
«Тәрбие технологиясы» ұғымы мен өзіндік ерекшелігі.
35
3
Қиын тәрбиеленетін оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік-
түзету жұмыстарының қағидалары.
30
1ответ
Жеке тұлғаны тәрбиелеу дегеніміз оны
мәдениетке,үйрету,білім,білік,қарым-қатынас ережелерін,әлеуметтік
тәжірибені меңгеру.Ұлттық көркем өнермен,әдебиетпен,ғылыммен
айналыстыру,адамгершілік құдылықтар,жүйені ұғына білуге,сөйтіп жеке
бастың тәжірибесін үздіксіз байыта отыруға пайда тигізу.Тәрбие адамдарға
тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші роль
атқарады.Тұлғаны тәрбиелеудегі тиімді жолдары баланы белсенді түрде
демеп отырған жағдада ғана сәтті болады.Кез келген тәрбиелік міндет
белсенділікті арттыру арқылы шешіледі.Мысалы,дененің дамуы дене
шынықтыру жаттығулары арқылы,ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік
тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады.Тәрбие ісі екі
жақты байланыс арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |