Аксиологиялық және гуманизм
Гуманистік педагогика тұлғалық-бағдарлы тәрбие
теориясына ерекше назар аударады. Тұлғалық бағдарлы
тәрбиеде басшылыққа алынатын басты құрылымдар
мыналар:
тәрбие мазмұнының құндылықтық, дүниетанымдық
бағыты немесе құндылықтар жүйесі, яғни, өмірдің мәні;
халықтық және жалпыадамзаттық мәдениетті игеру;
әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның
азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту;
тұлғалық бағдарын (тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі
реттеу, өзін-өзі басқару, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін)
дамыту;
тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты
табиғи бағдарын бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |