Келесі ұғымдардың мәнін түсіндіріңіз: 1) адамды тәрбиелеу; 2) тұлғаны тәрбиелеу; 3) тұлғаны әлеуметтендіру; 4) педагогикалық процесс.



Pdf көрінісі
бет66/71
Дата15.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#143401
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Тәрбие экзамен ответы

 
3 ответ 
"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-
педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім 
Мұның өзі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен 
байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" 
көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып 
оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. 
Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап 
қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына 
мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде 
адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль 
нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам 
көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік 
тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор. 
“Қиын” балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін 
сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, 
“маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен 
оларға көрсетемін” деген ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді. . 


Тәрбиеші тәрбиені жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын 
дамыта отыру арқылы әдіс-тәсілдерді жаңартып отырса нәтижелі болады. 
«Егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, 
педагогикалық әдістер кінәлі», – деген А. С. Макаренконың пікірі өте 
орынды. Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін, жан-жақты 
ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық – педагогикалық жүйе 
болуы керек. Бұл жүйенің ерекшелігі – «қиындардың» түзелу мүмкіндігіне 
ғана емес, сонымен бірге олардың рухани жағынан да бүтіндей қайта 
өзгеретіндігіне кәміл сену қажеттігінде. 
Қиын тәрбиеленетін оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік-түзету 
жұмыстарының қағидалары: 
1. Тәрбиесі бойынша оқушылардың тәртібін дұрыстау, сабақ үлгерімін 
жақсарту. 
2. Қиын оқушылармен ақыл – кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын 
жүргізу; 
3. Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру; 
4. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен 
ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. 
5. Жеткіншек дамуындағы дағдарысты түсінуүшін жеткіншектің агрессиялық 
әрекетіне қарсы тұру. 
6. Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру; 
7. Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу
8. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау; 
9. Ата – анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл – кеңес беру. 
 
№ 
Сұрақтар/ тапсырма 
Балл 
Жиналған 
балл 

Тұтас оку-тәрбие процесінде оқушыларға адамгершілік - 
эстетикалық тәрбие беру. 
35 

Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмысының 
бағыттары.
35 

Тәрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен 
құрылымы.
30 
1ответ 


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - 
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды 
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. 
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал 
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. 
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, 
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне 
сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. 
Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілік – 
адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі – қоғамдық 
білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. 
Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, 
философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни 
кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным - 
сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, 
нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып 
келеді.Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен 
тұрады. Олар адамдардың іс - қылықтарынан, мінез - құлықтарынан 
көрінеді, моральдық өзара қарым - қатынастарды басқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет