Байланысты: praktikal k sabaktarga adistemelik kural (2)
Сырттан қолдануға арналған ерітінділер Сырттан қолдануға арналған ерітінділерге жатады:
1. Жараны жууға
2. Дезинфекция
3. Бүркуге арналған
4. Көз, құлақ ерітінділері
5. Мұрынға тамызылатын тамшылар
Сырттан қолданылатын ерітінділерге рецепт жазып беру үшін білу керек:
1.Ерітіндінің шоғырлануын проценттік немесе сандық ара қатынасында 1:1000,
1:500 және басқа;
2. Ерітіндінің жалпы көлемі (мл)
Сыртқы мақсатқа арналған ерітінділерді 3 әдіспен жазады:
1. қолдануға жарамды шоғырланған ретінде;
2. шоғырландырылған ерітінді түрінен аз мөлшерде дайындауға қажетті;
3. ерітінді дайындауға қажетті таза зат түрінде.