455
8.
Тұтықпаның симптоматикасын анықтау.
9.
Тұтықпасы бар адамды тұлға ретіндегі тәрбиелеу қажеттілігін негіздеу.
10.
Тұтықпаны алдын алу негізгі бағыттарын ашу және керектігін негіздеу.
11.
Тұтықпасы бар балаларды тексеруінің мазмұнын және ерекшеліктерін
ашу.
12.
Тұттықпаны түзету бойынша әдістемелерді атау және оның түрлілігін
түсіндіру.
13.
Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың
өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
14.
Тұтықпасы
бар
мектеп
жасындағы
балалармен
логопедиялық
жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері.
15.
Тұтығатын жасөспірім және ересектермен логопедиялық жұмыстың
өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
16.
Тұтықпасы бар балалар үшін арнайы балабақша бағдарламасының негізгі
бөлімдерін атау.
Тәжірибелік тапсырмалар
І. Тұтықпа түрін анықтау:
а) Бұзылыстың
психогендік негізгі бар; тұтықпа – қалыпты сөйлеу тілі
онтогенезі фонында байқалады. Клиникалық көрінудің психогендік факторға
тәуелділігі байқалады.
Тұлғаның сөздік кемістікке деген реакциясы бар.
б) Орталық жүйке жүйесінің ерте диффуздық зақымы байқалады;
сөздік
онтогенездің кейбір кешеулдеуі; тұтықпаның біртіндеп басталуы.
Сөйлеу тілінің бұзылысының монотондығы, бірқалыптылығы, оның сыртқы
жағдайдан аз тәуелділігі. Тұтықпаның дыбыс
айтудың бұзылысымен жиі
сәйкестенуі. Тұлғаның сөйлеу тілі кемістігіне деген реакциясының төмен
болуы. Клиникалық сипаттауда ОЖЖ-ң органикалық жетіспеушілігінің
белгілерінің болуы.
ІІ. Графикалық жазу:
___ Невротикалық тұтықпа
^
Невроз тәріздес тұтықпа
а) Тұтықпа психогенді-реактивті түрінде басталады;
б) Сөйлеу тілі дамуының, жалпы моторикасының кеш дамуы тән;
в) Тұтықпа көбінесе біртіндеп басталады, сөйлеу тілінде сөз тіркестері
қалыптасқан кезде байқалады;
г) Сөйлеу тілінде сөз тіркестеріні ерте байқалады;
д) Алғашқы сөз
бір жастан кейін пайда болады, сөз тіркесі 2-2,5 жаста
қалыптасады, сөз қоры баяу толықтырылады.
456
ІІІ. Тұтығатын баланың анамнезін жинауға арналған сұрақтарды келесі
бағыттар бойынша тұжырымдап, дәптерге жазу:
- ананың жүктілігінің өтуі және босануы;
- балада сөйлеу функциясының қалыптасу сипаты;
- моторлы сферасының дамуының сипаты;
- ауырған аурулары;
Ұсынылған сұрақтарды негіздеп беру.
ІV. Келесі педагогикалық міндеттерді шешу:
1-педагогикалық тапсырма
Тұтығатын баланы зерттеуде логопед мынандай тапсырмаларды
қолданды. 3-5 бөліктен
тұратын суретті құрастыру, суреттер топтамасын
кезектілікпен қою, не өзгергенін табу, т.б.
Тапсырманың қандай мақсаттеп қолданады?
2-педагогикалық тапсырма
Логопед тұттығатын баланың сөйлеу тілін мына кезектілікпен
тексереді: өз бетімен сөйлеуі (спонтанная речь), сурет бойынша әңгіме
құрастыру, таңдаған мәтінді айту,
логопедтің артынан қайталау, логопедпен
қоса айту, сыбырлап айту.
Логопедтің әрекетімен келісесіңдер ме?
Көзқарастарыңды негіздеңдер.
V. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың сөйлеу картасының
үзіндісін талдау:
а) Тексеру барысында дидактикалық қағидаоардың жүзеге асуын нақты
мысалда көрсету;
б) Тұтықпаның шығу ерекшеліктерін анықтау үшін
қолданған тәсіл мен
әдістерді атау.
VI. Логопедиялық зерттеу хаттамасын «Анамнез», «Жалпы дамуы», «Жалпы
және артикуляциялық моторикасының жағдайы» бөлімдер бойынша құру.
.
VII. И.И.Руденконың мақаласы бойынша хабарлама дайындау. («Сөйлеу
кемістігі бар мектепке дейінгі балалармен логопедиялық ритмика»).
[Коррекционная педагогика 2005, №1]
VII. Педагогикалық міндеттерді шешу:
Достарыңызбен бөлісу: