Белсенді сөз қоры-
сөйлегенде жиі пайдаланатын сөздер.
Билингвизм
( лат.т.-lingua- тіл) – екі тілде бірдей сөйлеу.
Брадилалия
(гр.т.-lalia -сөйлеу) –cөйлеудің баяулауы.
Брока орталығы
– сөйлеу тілінің моторлық жағын ұйымдастыруын
қамтамасыз ететін, бас миының сол жақ жартысында орналасқан бөлігі.
Вернике орталығы
– ми қыртысындағы сөзді қабылдау орталығы.
Дизартрия –
сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге,
гиперкинезге байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның
бұзылуы
Дисграфия
- жазудың қабілетінің жартылай бұзылуы.
Дислалия
(гр.т. dis- бұзылу, lalia - сөйлеу тілі) – тіл мүкістігінің ең көп
тараған түрлерінің бірі. Дислалаия адамның есту қабілеті дұрыс дамыған
кезіндегі және сөйлеу тілі аппаратының нервтенуі сақталған жағдайындағы
дыбыстардың бұзылып айтылуымен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |