Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


НАТРИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет167/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

НАТРИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Жасуша сыртындағы барлық катиондардың 90%-ы натрийдің 
үлесіне тиесілі. Ол хлорид, фосфат, бикарбонат түрлерінде 
қан 
плазмасының, 
лимфаның, 
ликвордың, 
ас 
қорыту 
сөлдерінің құрамында болады

Жасуша сыртындағы сұйықта 
оның мөлшері 140 ммоль/л жуық, ал жасуша ішіндегі 
сұйықтықта — 20 ммоль/л болады. Барлық натрийдің 30%-ға 
жуығы 
(1500—2000 
ммоль/л 
немесе 
34—46 
г) 
қаңқа 
сүйектерінде болады. 
Натрий алмасуының бұзылуы қанда оның көбеюімен 
(гипернатриемия) 
немесе 
азаюымен 
(гипонатриемия) 
көрінеді. 
Гипернатриемия - 
қандағы натрий мөлшерінің 145 
ммоль/л-ден астам көбеюі. Ол мына жағдайларда байқалуы 
мүмкін:
● тұзды заттарды артық қабылдағанда (тәуліктік 
мұқтаждық 10-12 г), мәселен, тағаммен, сілтілі минералды 
суды көп ішкенде, ас тұзының гипертониялық ерітіндісін 
емдеу мақсатымен артық енгізгенде; 
● натрийдің организмнен шығарылуының бұзылуы кезінде, 
мәселен, бүйрек қызметі төмендегенде (гломерулонефрит, 
нефросклероз) және глюкокортикоидтарды ұзақ уақыт бойы 
қабылдағанда; 
● әлдостерон артық өндіріліп шығарылғанда, өйткені ол 
нефрон өзекшелерінде, ас қорыту жолдарында, сілекей және 
тер бездерінде натрийдің қанға кері қайта сіңірілуін 
(реабсорбциясын) күшейтеді. 
Осы жағдайларда 
нағыз немесе шынайы
гипернатриемия 
дамиды. Сонымен бірге оның салыстырмалы немесе салдарлық 
түрлері де кездеседі. Бұл кездерде организмде натрийдің 
жалпы мөлшері көбеймейді. Бірақ денедегі судың мөлшері 
азаюдан натрийдің қандағы деңгейі біршама көтеріледі. 
Осындай жағдайды 
салыстырмалы гипернатриемия
дейді. Ол 
организмнің сусыздануы барысында, мысалы организмге су аз 
түскенде немесе қатты терлегенде және іш өткенде, 
полиурия т.т. кездерде қанның қоюлануы нәтижесінде 
байқалады.
Қанда натрийдің көбеюіне организм өзінің теңгерілу 
жолдарын жұмылдырып біршама қарсы тұра алады. Ол үшін 
гипоталамустағы 
шөлдеу 
орталығының 
нейрондарындағы 
осморецепторлар қоздырылуынан антидиурездік гормон артық 
өндіріледі. Содан бастапқы несептен судың кері қанға 
сіңірілуі күшейіп су организмде тұтылады. Сонымен қатар 


197
сол 
жақ 
жүрекшеде 
атриопептин 
және 
бүйректе 
простагландиндер түзіліп, натрийдің несеппен шығарылуын 
көбейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет