Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет168/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гипернатриемияның 
көріністері. 
Гипернатриемияның 
нәтижесінде қанның және басқа биологиялық сұйықтардың 
осмостық қысымы көтеріледі.Бұл кезде жүйкенің және 
бұлшықеттердің қозғыштығы жоғарылайды, сол себептен, 
гиперкинезиялық бұзылыстардан бастап, тырыспа-селкілдек 
сияқты жағдайлар пайда болады. Өйткені жасушалардың 
ішінде натрий иондарының көбеюінен қозымды тіндердің қозу 
шегі төмендейді. Сонымен қатар, жоғары дәрежелі жүйке 
қызметі бұзылады: адамда қорқыныш, үрей сезімі күшейеді, 
көңіл-күйдің жабырқауы пайда болады. Кейбір жағдайларда, 
судың жасуша ішінен сыртқы кеңістікке және қанға өтуі 
салдарынан 
жасушаның 
сусыздануы 
болады. 
Содан 
жасушалардың бүрісіп қалуы т.с.с. бүліністері байқалады. 
Гипернатриемияның ерекше көрінісі болып артериялық 
қысымның көтерілуі есептеледі. Ол тамыр қабырғаларының 
жиырылтқыш әсерлерге сезімталдығын көтереді және судың 
тамыр ішінде жиналуына әкеліп, айналымдағы қанның көлемін 
көбейтеді. Гипернатриемия алкалоз дамуымен қабаттаса 
жүруі мүмкін. Оған мысал ретінде натрий гидрокарбонатын 
артық 
қабылдаған 
кездегі 
алкалозды 
немесе 
минералокортикоидтар артық өндіріліп шығарылған кездегі 
бүйректік 
алкалозды 
келтіруге 
болады. 
Кейде 
гипернатриемия кезінде дене қызымы көтеріледі. Ол 
натрийдің әсерінен термореттеу орталығы нейрондарының 
белсенділігі көтерілуіне байланысты дамиды. 
Гипернатриемияны емдеу. 
Осы мақсатпен көктамырға 
физиологиялық ерітінді немесе 5% глюкоза ертіндісін 
жібереді. Бұл кезде глюкоза алмасуға тез ұшырайды, ал су 
қанды сұйылтады. Ауыр жағдайларда гемодиализ немесе 
бүйректен тыс қанды тазарту тәсілі қолданылады. 
Гипонатриемия 
— қандағы натрий мөлшерінің 135 ммоль/л-
ден төмен болуы. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет