198
салуретиктерді (диакарб, дихлотиазид) ұзақ мерзім бойы
қабылдағанда кездеседі. Өйткені олар натрийдің несеппен
шығарылуын күшейтеді.
Салыстырмалы немесе салдарлық гипонатриемия
:
қанның
сұйылуы кезінде болады. Ол мына жағдайларда байқалады:
● суды артық қабылдағанда;
● изотониялық сұйықты емдік мақсатта көп мөлшерде
енгізгенде;
● бүйректің несеп шығару қызметі төмендегенде;
● дене ісінуін емдеу кезінде су тінаралық кеңістіктен
тамыр ішіне көптеп өткенде.
Гипонатриемия кезінде организм оған жауап ретінде
әлдостеронның өндірілуін арттырады
және атриопептин мен
бүйректе простагландиндердің түзілуін кемітеді. Содан
натрийдің несеппен шығарылуы азайып, ол организмде
ұсталынады.
Гипонатриемияның
көріністері.
Гипонатриемияның
нәтижесінде қанда және басқа биологиялық сұйықтарда
осмостық қысым төмендейді. Осыдан су
жасушалардың ішіне
ауысып олардың ісінуі байқалады. Тері мен шырышты
қабықтардың құрғауы болып, олардың серпімділігі мен
тығыздығы азаяды.
Натрийді көп жоғалтқанда калийдің жасуша ішінен
сыртына шығуы байқалады. Сол себептен жүйке және бұлшықет
тіндерінің қозымдылығы азаяды.
Өйткені жасуша сыртында
натрий иондарының мөлшері төмендеген. Осыдан қозымды
тіндердің қозымдылық шегі жоғарылайды. Бұл жүрек етінің,
бұлшық және тегіс салалы ет талшықтарының тонусын
әлсіретеді, бұлшық еттерде ауыру сезімінің пайда болуына
әкеледі. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары
пайда болады. Бұл бұзылыстар жан-дүниелік
әлсіздікпен,
кейде тіпті ессіз күй дамуымен көрінеді. Өйткені
гипонатриемияның нәтижесінде ми нейрондарында иондық
дисбаланс және олардың ісінуі дамиды. Сонымен бірге мидың
гипоксиясы байқалады.
Жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылыстары тахикардия,
артериялық қысымның төмендеуімен,
кейде коллапс дамуымен
байқалады. Өйткені қан тамырларының тонусы төмендеген,
жүректің жиырылу күші әлсіреуінен оның шығарымы азайған.
Гипорнатриемия кезінде тәбетттің жоғалуы, судан жеру,
жүрек айну, құсу т.т. пайда болады,
қанттың ішектерде
сіңірілуі азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: