210
организмге аз түсуінен;
●
организмнен
фосфордың
несеппен
тым
артық
шығарылуынан,
мәселен,
қалқанша
серік
бездерінің
гиперфункциясында, ауыр металдармен уланудан нефрон
өзекшелерінің бүліністерінде, Д-гиповитаминозы кезінде
бүйрек өзекшелерінде фосфордың бастапқы несептен қанға
кері
сіңірілуі
тежеледі;
Осылардан
гиперфосфатурия
дамиды;
● ішек-қарын жолдары арқылы фосфаттардың организмнен
сыртқа артық шығарылуынан, мәселен, антацидтерді көп
пайдаланудан, олар фосфаттарды байланыстырып сыртқа
шығарады;
● қаннан фосфаттардың жасушаларға артық ауысуынан,
мәселен, гликолиз үрдісі тым артық болғанда жасушаларда
көмірсуларының фосфорланған өнімдері көбейеді, алкалоз
кезінде
гликолиз
артып,
жасушалармен
фосфаттардың
тұтынылуы ұлғаяды.
Сонымен бірге Х-хромосомасымен тіркескен тұқым қуатын
гипофосфатемия белгілі.
Гипофосфатемияның көріністері:
● гипофосфатемия кесек қуатты макроэргиялық қосылыстар
түзілуінің
бұзылуына
әкеледі.
Осыдан
АТФ
және
креатинфосфаттың тапшылығы дамиды. Сондықтан жоғарғы
жүйке әрекеттерінің бұзылыстары: тұнжырау, ой қызметінен
тез шаршау, естен тану т.б. әйгіленімдер байқалады.
Бұлшықеттердің әлсіздігі, тыныс алудың қиындауы сезіледі.
Жүрек қызметінің әлсіреу белгілері дамиды;
● гипофосфатемия кезінде РНК мен ДНҚ түзілуі бұзылады,
сүйекке
минералдардың
жиналуы
тоқталады,
балаларда
мешелдік
ауруы,
ересектерде
сүйектің
жұмсаруы
(остеомаляция), остеопороз, сүйек сынғыштығы дамиды;
● фосфатурия 100 мг/л-ден астам болады.
Бұл кезде науқас адамдардың денесінде парестезия,
саусақтардың ұйып қалуы, бұлшықеттерде және жүректе ауыру
сезімі болуы, жадының әлсіреуі, тырыспа-селкілдек дамуы,
сананың жоғалуы т.с.с. әйгіленімдер пайда болады.
Гипофосфатемияның
нәтижесінде
қан
жасушаларының
тіршілік ұзақтығы қысқарады, гемолиздік анемия, иммундық
тапшылықтық дамиды. Оған бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
т.б. белгілер қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: