Фосфоралмасуының бұзылыстары .
Кальцийдің
алмасуы
фосфордың
алмасуымен
тығыз
байланысты. Фосфор жасуша сыртылық кальцийдің басым
бөлігін гидроксиапатит кристалдары (Са
10
(РО
4
)
6
( ОН)
2
)
түрлерінде
байланыстырып, сұйек құрамында жинақтайды.
Организмге тәулігіне тамақпен 1,2 г фосфор түседі. Осынша
фосфор бүйрек және ішектер арқылы организмнен сыртқа
шығарылады.
Паратгормон
организмде
артық
болғанда
нефрондардың бастапқы бөліктерінде фосфаттардың несептен
қанға кері сіңірілуі азаяды, ал бұл гормонның аздығы,
керісінше, оны көбейтеді. Сонымен қатар фосфаттардың
сыртқа
шығарылуын
кальцитонин,
қалқанша
бездің
гормондары, соматотропин және фосфордың қандағы деңгейі
реттейді. Сүйектерге және тістерге жинақталған фосфордан
басқа жұмсақ тіндерде фосфат-аниондары мен байланысқан
фосфор болады. Бұл фосфордың бар жоғы 1%-ғана жасуша
сыртында орналасады. Жасушалардың ішінде 200-300 мг%
фосфор болады. Онда ол АТФ түзілуіне пайдаланылады.
Сонымен
бірге
фосфат
аниондары
қышқылдық-сілтілік
үйлесімдікті теңгеруге қажетті фосфаттық буфердің бөлшегі
болып есептеледі. Кесек қуатты фосфордың қосындылары және
фосфорланған зат алмасу өнімдері жасуша ішінде сақталады.
Сондықтан
қан
сұйығындағы
фосфордың
12%-ы
ғана
нәруыздармен байланысқан, ал қалған бөлігі фосфат-
аниондар түрінде кездеседі. Қандағы фосфордың деңгейі
кальцийдің алмасуын реттейтін ықпалдардан байланысты
болады. Сонымен қатар ол жасушалардағы энергиялық
алмасумен де тығыз байланысты. Мәселен, гликогенез
артқанда
фосфаттар
жасуша
ішіне
ауысады
да,
гипофосфатемия дамиды. Сол сияқты гликолиз артқанда да,
глюкозаның фосфорлы өнімдері пайда болудан, қанда оның
деңгейі төмендейді. Керісінше, тыныстық ацидоз кезінде,
гликолиз
тежелгенде
жасушалардан
фосфор
сыртына
шығарылып, гиперфосфатемия дамиды.