Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет186/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
● м
агнийдің қандағы жоғары деңгейін натрий мен кальций 
ерітінділерін көктамырға енгізу жолымен төмендетуге 
болады. Кальций магнийге қарама-қарсы әсер етеді; 
● 
магнийге бай тағамдық заттарды, мысалы: тары, 
бүршақ, үрме бұршақ т. с. с. қабылдауды шектеу; 
● 
диализдің алуан түрінің көмегімен қанды жасанды 
жолмен тазарту әдісі де пайдаланылады. 
ТЕМІР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.
Адам организмінде 3-5 г темір болады, оның 50%-ы 
гемоглобиннің гемінде орналасқан. Темір сонымен қатар 
еттерде 
миоглобин 
молекуласының 
және 
тотығу-
тотықсыздандыру үрдісіне қатысатын ферменттердің (мәселен 
пероксидаза, цитохромдар т.с.с.) құрамына кіреді. Ер 
адамдарға күніне 0,6 мг темір қажет, ал әйелдердің 
мұқтаждығы бұдан 30-60% көп, өйткені оларда темірдің 
физилогиялық шығыны көп болады. Жүкті әйелдерде темірге 
мұқтаждық физиологиялық
жағдайдан 5-10 есе жоғары болады 
және жүктіліктің соңғы үш айында темірге мұқтаждық ерекше 
көтеріледі. 
Темір 
организмде 
керегінен 
артық 
жиналмайтындықтан оның тағаммен жеткіліксіз түсуі (темір 
негізінде етте болады) гипохромдық микроциттік анемияға 
әкеледі.
Темірдің ішектерде сіңірілуі тұтас организмнің осы 
элементке мұқтаждығына байланысты болады. Сол себептен 
анемиясы бар науқастарда, сау адамдарға қарағанда 
темірдің сіңірілуі көбірек болады. Бұл ішектердің 
ішіндегі 
темірдің 
плазмаға 
өтуі 
ферритин 
арқылы 
реттелуіне байланысты. Ферритин — темір қосындыларының 
апоферритин деген нәруызбен байланысқан кешенді түзілісі. 
Емшектегі 
балаларды 
қолдан 
қоректендіргенде 
немесе 
қосымша қоректендіру кездерінде емшек сүтімен темір 
түспейтін 
болғандықтан, 
онын 
жеткіліксіздігі 
дамуы 
мүмкін. Темір жеткіліксіздігі, емдәмде бейорганикалық 
фосфор көп мөлшерде болғанда, пайда болады. Себебі, темір 
бейорганикалық фосформен нашар еритін қосындылар түзеді. 
Сонымен қатар темір жеткіліксіздігі, ішектегі қабыну 
үрдістерінің 
ферритиндік 
реттеу 
жолының 
бұзылуымен 
қабаттас болғанда да пайда болуы мүмкін. Егер үш валентгі 
темір организмге артық түсетін болса, онда қан плазмасы 
және тіндерде темір қорға жиналады, яғни гемосидероз 
пайда болады. Бұл ішкі ағзалардың (бауырдың т. б.) 
қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет