Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет189/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

СЕЛЕН АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.
Селен мөлшері адам қанында 20 мкг%-ға дейін болады. 


219
Селен 
бауырда 
некроз 
дамуынан 
сақтайды. 
Ол 
глютатионпероксидаза және басқа да ферменттердің құрамына 
енеді. Сондықтан, селен организм тіршілігі үшін өте 
қажетті элемент ретінде қарастырылады. Селеннің артық 
мөлшері уытты әсер етеді. Ол селені мол топырақта өсетін 
өсімдіктердегі цистеин және метионин амин қышқылдарындағы 
күкіртті алмастырады. 
МОЛИБДЕН АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
.
Молибденнің мөлшері адам қанында 1,5 мкг%-дай болады. 
Ауыз суында молибденнің жетіспеушілігі тіс кариесінің 
дамуына мүмкіндік туғызады. Молибден, пурин алмасуына 
қатысатын, ксантиноксидаза ферментінің құрамдық бөлшегі 
болып табылады. Бұл фермент ксантин және гипоксантинді 
зәр қышқылына дейін тотықтырады. Организмде молибденнің 
көп мөлшерде болуы ксантиноксидазаның артық түзілуіне 
әкеледі және ол тіндерде, сонымен қатар буындардың 
сілемейлі қабықтарында зәр қышқылының түзілуі мен жиналу 
қарқындылығын арттырады. Сөйтіп, «молибдендік» подагра 
пайда болады. 


220
 
Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің 
бұзылыстары 
Физиологиялық үрдістердің, оның ішінде ферменттік және 
зат алмасулық реакциялардың қалыпты деңгейде өтуі үшін 
қан мен тіндердің қышқылдық-сілтілік үйлесімділігі болуы
қажет. 
Организмнің 
ішкі 
ортасында 
қышқылдар 

+

мен 
сілтілердің (ОН

) арақатынасы көптеген үрдістерге әсер 
етеді. Осы арақатынастардан: 
• ферменттердің белсенділігі, 
• 
мембрана 
рецепторларының 
сезімталдығы 
мен 
қимылдары, 
• мембраналардың өткізгіштігі,
жасуша коллоидтарының, жасуша аралық құрылымдардың 
физикалық-химиялық қасиеттері, олардың суға үйірлігі, 
• 
гемоглобиннің 
оттегін 
байланыстырып 
тіндерге 
тасымалдауы т. с. с. көптеген құбылыстар байланысты 
болады. 
Арнайы әдебиеттерде организм сүйықтарындағы қышқылдар 
мен сілтілердің арақатынасы қышқылдық-сілтілік баланс 
немесе тепе-теңдік деп аталып келді. Әдетте организмде 
өтетін зат алмасулардың нәтижесінде тәулігіне қышқылдық 
заттар 
сілтілік 
заттардан 
шамамен 
20 
есе 
артық 
өндіріледі. Мәселен, тәулігіне адам денесінде 20 моль 
көмір қышқылы және 80 моль ауада ұшпайтын қышқылдар 
өндіріледі. Бұл дегеніміз адам денесінің сұйықтарына 1 
литрден астам қою күкірт қышқылын қосқанмен пара-пар 
болады. Осыған байланысты қышқылдар мен сілтілердің 
арасында ешқашан тепе-теңдік байқалмайды. Сол себептен 
орыс әдебиеттерінде қышқылдық-сілтілік жағдай деп те 
аталады. Ана тілімізде қышқылдық-сілтілік жағдай дегеннен 
қышқылдық-сілтілік үйлесімділік деген бұл құбылыстың ішкі 
мәнін тереңірек беретіні айқын. 
Қышқыл деп Н
+
ионын (протондарды) шығаратын, ал сілті 
деп Н
+
ионын байланыстыратын заттарды айтады. 
Н
2
СОз (қышқыл) ↔ Н
+
+ НСО

‾ 
(сілті) 
Бұрын аниондардың барлығы қышқылдар деп есептелінді. 
Олар реакцияның жүру бағытына қарай әрі қышқыл, әрі негіз 
болулары мүмкін, Мәселен, 
Н 

РО 
4
(қышқыл) ↔ Н
+
+ Н

РО
4
(сілті) 
Н

РО
4
(қышқыл) ↔ Н
+
+ НРО
4
(сілті) 
Н 
2
РО
4
(қышқыл) ↔ Н
+
+ РО
4
(сілті) 
Ортаның қышқылдыгы бос сутегі иондарының мөлшерімен 
анықталады. Ішкі ортаның қышқылдануынан сақтандыру үшін 


221
протондарды байланыстыруда әлсіз қышқылдардың аниондары 
маңызды 
орын 
алады. 
Организмде 
бүл 
мақсатта 
гидрокарбонаттар мен нөруыздардың аниондары үлкен қызмет 
атқарады. Сондықтан оларды буферлік негіздер деп атайды. 
Сутегі иондары зат алмасудағы аралық өнімдерден 
(кетондық денелер, пирожүзім, сүт т.с.с. органикалық 
қышқылдардан) және тотығу үрдісінің соңғы өнімі көмір 
қышқылынан шығады. Денеде тәулігіне мөлшермен 1 мМ/кг 
ауада ұшпайтын қышқылдар өндіріледі. Тағамда нәруыздар 
көп болғанда күкірті бар аминқышқылдарынан (метионин, 
цистеин т.б.) күкірт қышқылы түзіледі. Лимонның дәмі 
қышқыл болғанымен, онда цитрат болғандықтан ол сілтілік 
әсер етеді. 
Организм 
сүйықтарында 
және 
тіндерде 
ортаның 
реакциясын, әдетте, рН мөлшерімен анықтайды. рН (роwег 
Нуdгоgеn — сутегінің күші) — сутегі иондары дәрежесінің 
ондық теріс логарифмі немесе сутегі көрсеткіші делінеді. 
Қалыпты жағдайда қан сары суында рН өте тығыз деңгейде 
ауытқиды (7,35 - 7,45). Оның тұрақтылығы қанның т. б. 
тіндердің буферлік (ағылш. buffег — арашалау, соққыны 
әлсірету) қасиетіне байланысты. 
рН қанда 0,1-ге өзгеруі организмнің тыныстық, жүрек-
қан тамырлар т. б. жүйелердің бұзылыстарына әкеледі. 
Қанда рН 0,3-ке төмендеуі ацидоздық кома дамуына, ал 0,4-
тен астам төмендеуі өлімге әкелуі мүмкін. 
Жасушалардың ішінде рН мөлшері әлсіз қышқылдық жаққа 
ығысқан болады. Мәселен, тыныштық жағдайдағы бұлшықет 
жасушасы ішінде ол 6,9 шамасында, эритроциттердің ішінде 
– 7,19, қуықасты без жасушасының ішінде 4,9 –дан төмен, 
остебластарда 8,5 мөлшерінде болады. Жасуша сыртылық 
сұйықта рН мөлшерінің 6,8-7,8 аралығында толқуы адам 
тіршілігіне ауыр қауіп төндіреді, ал одан асып кеткенде 
тіршілік мүлде тоқтайды.
Сутегі 
иондарының 
деңгейімен 
рН 
арақатынасы 
төмендегідей болады (12-кесте). 
12 Кесте
Н
+
мөлшерімен рН-тың арақатынасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет