222
ға тең және осы деңгейде тұрақты ұсталып тұрады.
• фосфаттық буфер —
бір негіздік натрий фосфаттың екі
негіздік натрий фосфатқа қатынасы:
Н = К • (Na H
2
PO
4
/
Na
2
HPO
4
)
Бұл буфер негізінен жасушалардың ішінде және бүйректе
кездеседі. Жасуша сыртылық сұйықта бұл арақатынас 1 : 4 –
ке теңелсе, несептің рН 5,4 болғанда ол 25 : 1
аралығында болады.
●
нәруыздық буфер.
Нәруыздардың екіжақты (амфотерлік)
қасиеті
бар.
Олардың
құрамындағы
аминқышқылдарында
карбоксил топтары қыщқылдық әсер етсе, амин топтары
сілтілік әсер етеді. Бұл тіндердің және қан плазмасының
нәруыздарының негізгі буфері.
●
гемоглобиндік буфер.
Гемоглобин оттегімен алмасу
жолында өзінің қышқылдық-сілтілік қасиетін өзгертіп
тұрады. Өкпеде оттегімен байланысып, ол қышқылдық қасиег
қабылдайды. Бұл кезде К
+
ионын байланыстырып, Н
+
ионын
сыртқа шығарады. Н
+
ионы гидрокарбонатпен байланысып,
көмір қышқылын құрады. Тіндерге гемоглобин О
2
-ні беріп,
әлсіз сілтіге айналады. Бұл кезде К
+
-ионын сыртқа
шығарып, Н
+
-ионын қабылдап алады.
Достарыңызбен бөлісу: