Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Газдық емес ацидоздың зардаптары



Pdf көрінісі
бет198/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

229
Газдық емес ацидоздың зардаптары. 
Икемделудің бұл 
жолдары 
жеткіліксіз 
болғанда 
немесе 
олардың 
мүмкішіліктері таусылғанында рН мөлшерінің төмендеуімен 
сипатталатын теңгерілмеген ацидоз дамиды. Газдық емес 
ацидоз кезінде өкпенің желдетілуі артуынан қанда рСО
2
төмендеуі артынан тыныстың бұзылуына, қан тамырлары 
межеқуатының (тонусының) және артериялық қан қысымының 
төмендеуіне, бүйректе қан айналымының бұзылуына, осыдан 
несеп сүзілуінің азаюына әкеледі. Несеппен К
+
, Nа
+
, Са
2+
иондары артық шығарылуынан жүрек ырғағының бұзылыстары, 
жүйкелік-еттік 
қозымдылықтың 
төмендеуі, 
сүйектердің 
тұзсыздануы (деминерализациясы) т. б

құбылыстар
 
пайда 
болады. Қышқыл өнімдердің әсерлерінен парасимпатикалық 
жүйке жүйесінің межеқуаты көтеріледі. Содан ішек-қарын 
жолдарының бұзылыстары: іш өту және құсу байқалады. 
Орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарынан бас айналу, 
ұйқы басу, артынан естен тану, кома дамиды. 
Бұл кезде гемоглобиннің оттегімен байланысуы азаяды, 
содан өкпедегі оксигемоглобиннің құрылуы бұзылады және 
тіндерге оттегінің тасымалдануы қиындайды. Келтірілген 
өзгерістер 
жүрек 
қызметінің 
бұзылуымен 
қабаттасып, 
гипоксемия және гипоксия дамуына әкеліп соғады. 
Газдық емес ацидозды емдеу
жинақталған түрде болғаны 
жөн. Ол үшін: 
● ацидозды туындатқан себепкер ықпалды аластау қажет; 
● қан айналымын қалпына келтіру керек; 
● өкпеде ауа алмасуын жақсартып, тотығу-тотықсыздану 
үрдістерін арттыру маңызды; 
● сутегі иондарының артығын байланыстырып, буферлік 
жүйенің сыйымдылығын қалыптастыру қажет. Осы мақсатта 
натрий гидрокарбонатының сұйығын енгізу керек. Бұл кезде 
есте сақтайтын жай, ол жүрек және тыныс жеткіліксіздігі 
кездерінде натрий гидрокарбонатын енгізу жағымсыз әсер 
етуі мүмкін. Өйткені жүрек жеткіліксіздігі кезінде 
натрийдің организмде артық жиналуы оған теріс әсер етеді. 
Тыныс жеткіліксіздігі кезінде гидрокарбонаттан босаған 
СО
2
организмнен өкпе арқылы сыртқа шығарылуы шектелуі 
мүмкін. 
Газдық емес ацидозды қалпына келтіру үшін үш гидро-
ксиметиламинометанның (ТРИС) 0,3 М сұйығы енгізіледі. Бұл 
препарат организмнен бүйрек арқылы шығарылады, сондықтан 
бүйректің жеткіліксіздігі кезінде оны енгізуге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет