231
♣
толастамайтын
құсу,
асқазан
тесігі,
асқазан
қалтқысының тарылуы, гастоэнтероколит кездерінде асқазан
сөлінің көп мөлшерде организмнен сыртқа шығарылғанында.
Тұз қышқылын өндіруге қажетті хлор ас түзы ыдырауынан
босайды. Босаған натрий ионы кері қанға сіңіріліп, НСОз
‾
анионымен
қосылады, натрий гидрокарбонат түзіледі. Содан
келіп қанда соңғысының қоры көбейіп, оның реакциясы
сілтілік жаққа ығысады;
♣ бүйрек қызметі бұзылудан
сілтілердін организмде
жиналып қалуы;
♣ бүйрек үсті бездерінің гормондары артық түзілгенде
(Кушинг синдромы, альдостеронома т.с.с.) немесе оларды
емдік
мақсатта
сырттан
енгізгенде
натрийдің
кері
сіңірілуі
артады.
Бикарбонаттардың
қандағы
деңгейі
көтеріледі. Осыдан қандағы Н
+
иондарының деңгейі азаяды,
рН үлкейеді;
♣ балаларда туа біткен газдық
емес алкалоз болатыны
белгілі. Бұл аурудың негізінде ішектердің ауруларына
байланысты организмнен хлор мен калий иондары артық
шығарылады. Қанда олардың деңгейі азаяды, гипохлоремия
және
гипокалиемия
дамиды.
Қан
плазмасында
гидрокарбонаттардын деңгейі басым болады.
Ауру балаларда
ұдайы іш өтулер болады, сол арқылы хлор көптеп
организмнен шығарылады. Балалардың дене мүшелерінің дамуы
кешеуілдейді.
Газдық емес алкалозға организмнің икемделіп-бейімделу
жолдары.
Бұл алкалоздың теңгерілу жолдары гидрокарбонаттардың
артығын организмнен шығаруға,
көмір қышқылын организмде
ұстап қалуға бағытталады.
♣ қанда Н
+
иондарының мөлшері азайғанда тыныс алу
орталығы тежеледі. Осыдан өкпенің желдетілуі азаяды,
қанда СО
2
жиналады және көмір қышқылының гидрокарбонатқа
арақатынасы қалыпты деңгейде (1:20)
сақталады;
♣ қан нөруыздары Н
+
иондарын босатып, натрий иондарын
байланыстырады;
♣ несеппен көп мөлшерде гидрокабонаттар және екі
негіздік фосфат тұздары (Na
2
НРО
4
) шығарылады.
Көрсетілген теңгерілу жолдарының әсерлерінен қанның рН
мөлшері қалыпты денгейде сақталады (тенгерілген алкалоз).
Бірақ артынан гиперкапнияның нәтижесінде тыныс алу
орталығының
қозымдылығы көтеріледі, Көмірқышқылы газының
артығы тыныс жиілеуі нәтижесінде организмнен сыртқа
шығарылып кетеді. Осыдан теңгерілмеген алкалоз дамиды.
Бұл кезде сүйектерден Н
+
иондары шығады да, олардың орнына
232
кальций иондары түседі. Сол себепті қанда иондалған
кальцийдің деңгейі азаяды,
бұлшықеттердің қозымдылығы
көтеріледі,
тырыспа
(тетания)
дамиды.
Осындай
толастамайтын құсу кезіндегі дамитын тырыспаны
Достарыңызбен бөлісу: