Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


жатады. Сонымен бірге  нейрогендік анорексия



Pdf көрінісі
бет203/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

235
жатады. Сонымен бірге 
нейрогендік анорексия
жиі эндогендік 
ашығудың себебі болады. Бұндай тәбеттің болмауы бойжеткен 
қыздар мен жас әйелдердің арасында кездесетін дерт. Оған 
полигендік тұқым қуалаушылыққа бейімділік байқалады. Бұл 
науқас әйелдердің көпшілігінің қанында май жасушаларымен 
және 
макрофагтармен 
өндірілетін 
цитокин 
кахексиннің 
деңгейі көп болады. Жұлын-ми сұйығында тәбетті басатын 
холецистокининнің деңгейі көбейген. Емдеуге қарамай дерт 
өмір бойы жиі қайталанып, қатты азудан және жүрек 
аритмиясына әкелетін гипокалиемиядан науқас адам жан 
тапсыруы мүмкін. 
Ашығудың 
дамуында 
көптеген 
сыртқы 
және 
ішкі 
жағдайлардың маңызы үлкен. Қол жұмысын атқарған адамдар, 
қоршаған ортада суық температурада болып, ауаның ылғалдығы 
жоғары және желді болғанда ашығу тез жан тапсыруға 
әкеледі. Бұлар сыртқы ортаның жағдайларына жатады. Сонымен 
бірге организмнің өзінің көптеген жағдайлары да ашығу 
кезінде адам өмірінің ұзақтығына біршама ықпал етеді. 
Оларға адам мен жануарлардын жынысы, жасы, организмнің 
жалпы жағдайы, денедегі майдың қоры, зат алмасуларының 
қарқыны т.с.с. ішкі жағдайлар жатады. Жана туған 
нөрестелердің ашығудан тез шетінеуі оларда заттардың және 
жылу 
алмасуларының 
реттелу 
жолдарының 
әлі 
жақсы 
жетілмеуінен болады. Қарттар мен қартайған жануарлар 
ашығуға біршама көнбіс болып келеді. Өйткені оларда жас 
ұлғаюына 
байланысты 
негізгі 
зат 
алмасудың 
қарқыны 
төмендеген. Дененін сыртқы беті мен оның массасының 
арақатынасы неғүрлым көп болса, солғұрлым жануарлар 
ашығудан тез өледі. Сондықтан кішкене жануарлар ірі 
жануарларға қарағанда ашығудан тез жан тапсырады. Бірақ 
бұл заңдылық әрдайым дұрыс бола бермейді. Ашығу кезіндегі 
жануарлар өмірінің ұзақтығы олардың сыртқы бетінің 
ерекшеліктерінен, түрлерінен: үй жануары ма, әлде жабайы 
дала жануары ма т. б. жағдайларға да байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет