Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет204/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

АШЫҒУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ.
Толық ашығудың клиникалық көріністерін төрт кезеңге 
ажыратады:
1. 
селқостық кезеңі
; 2. 
қозу кезеңі
; 3. 
тежелу кезеңі

4. жануарлардың 
салдануы мен өлімі.
Бірінші кезеңінде 
ашығуға жануарлар ешқандай мән бермейді, елемейді. Екінші 
кезеңінде орталық жүйке жүйесінің қозуы болады. Жануарлар 
тамақ іздеп аласұрады. Артынан бұлшықеттердің дірілі пайда 
болып, 
қимыл 
қозғалыстың 
үйлесімсіздігі 
байқалады. 
Ашығудың 
үшінші 
кезеңінде 
орталық 
жүйке 
жүйесінің 
қызметтері тежеледі, ашыққан адам мен жануарлар терең 
ұйқыға батады, қан қысымы төмендейді, тыныс алу сирейді. 


236
Содан біртіндеп ашығудың төртінші салдану кезеңі дамиды. 
Ашыққан организм терең комадан жан тапсырады. Бұл кезде 
тыныс алу орталығы мен қан тамырларының қимылдық 
орталығының салдануы болып, жүрек соғуы мен тыныс алу 
тоқтайды. 
Бұл 
көрсетілген 
жіктеуге 
қарағанда, 
ашығудың 
кезеңдерін ажырату үшін ол кездердегі заттар мен энергия 
алмасу 
ерекшеліктерінің 
жағдайларына 
қарай 
патофизиологиялық ажырату
маңыздырақ болады. Осыған орай 
ашығудың үш кезенін ажыратады: 
1. энергияны үнемсіз пайдалану кезені;
2. энергияны үнемдеп пайдалануға жақсы икемделген 
кезең;
3. тіндердің ыдырауы, жануарлардың уыттануы мен өлуіне 
әкелетін ақтық кезең. 
Жануарлардың гүрлеріне қарай әр кезеңнің ұзақтығы да 
әртүрлі болады. Адамда бірінші кезең 3-4 күнге, екінші 
кезең 40-50 күнге, үшінші кезең 3-5 күнге созылады. 
Сонымен қатар ашығудың кезеңдеріне орыс ғалымдары Г.Ф. 
Ланг және А.Л. Мясников ХХ-ғасырдың 40-шы жылдарында 
ұсынған жіктеме назар аударарлықтай деуге болады. Бұл 
ғалымдар ашығудың кезеңдерін клиникалық көріністеріне 
қарай ажыратқан. Олар ашығудың өту ерекшеліктеріне 
байланысты үш кезеңді бөлген: 1-ші жеңіл немесе емханалық, 
2. ораша дәрежелі немесе ауруханалық (аруханада жатып 
емделуді қажет ететін), 3. ауыр, қайтымсыз кезең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет