Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет201/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

асқазандық 
тетания
дейді. 
Бұл алкалозды емдеу негіздері су мен электролиттер 
алмасуын ретке келтіру, калий мен хлор иондарының орнын 
толтыру қажет. Ауыр жағдайларда тұз қышқылы қосылған 
глюкоза сұйығын енгізуге болады. Кейде несеп шығарылуын 
ұлғайтатын 
диакарб, 
гидрокарбонаттың 
бүйрек 
түтікшелерінде кері сіңірілуін тежеп, жағымды әсер етеді. 
Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (ҚСҮ) 
көрсеткіштері
.
ҚСҮ-нің көрсеткіштеріне стандарттық бикарбонат (SВ), 
буферлік негіздер немесе барлық буферлік негіздердің 
жиынтығы (ВВ), буферлік негіздердің артықтығы немесе 
тапшылығы (ВЕ) жатады. Стандарттық бикарбонат (SВ) деп 
қанның оттегімен толық қанығуында, қандағы көмірқышқылы 
газының үлестік қысымы (рСО
2
) сынап бағанасы бойынша 40 
мм және температурасы (t°-38°С) болғандағы бикарбонаттың 
деңгейін айтады (1-кесте). 
Буферлік негіздердің артықтығы немесе тапшылығы (ВЕ) 
деп стандарттық жағдайда анықталған буферлік негіздердін 
денгейінен 
дәл 
анықталған 
кезіндегі 
деңгейінің 
айырмашылығын айтады. ВЕ (ағылш. Ьаsеs ехсеss — 
негіздердің артықтығы) -2,4 мэкв/л - + 2,3 мэкв/л 
аралығында болады. Бұл көрсеткіштің оң болуы деммен 
шығарылмайтын қышқылдардың тапшылығын немесе сілтілердің 
артық болуын көрсетеді. ВЕ теріс болса, онда организмде 
деммен шығарылмайтын қышқылдар көбейіп, сілтілердің 
тапшылығы бар екенін дәлелдейді. ВЕ-нің қатты өзгерістері 
метаболизмдік 
бұзылыстардың 
айқын 
белгісі 
болады. 
Метаболизмдік ацидоз кезінде негіздердің артықтығы (ВЕ) 
теріс жақта болып, буферлік негіздердің тапшылығын 
көрсетеді. Ал, газдық емес алкалоз кезінде ВЕ оң жақта 
болады да, буферлік негіздердің артықтығын байқатады (2-
кесте). 
Газдық ацидоз бен алкалоз кездерінде ВЕ шамалы ғана 
өзгереді. 
ҚСҮ 
көрсеткіштері 
гомеостаздың 
маңызды 
клиникалық 
көрсеткіштеріне 
жатады. 
Клиникада 
ҚСҮ 
бұзылыстарын анықтау үшін қанның рН-ын, рСО
2
, SВ, ВЕ, 
сонымен 
бірге 
несептің 
рН-ын 
және 
онда 
кетондық 
денелердің мөлшерін білу қажет. Егер артериалық қанда 
рСО
2
өзгерістері ҚСҮ-нің газдық түрін көрсететін болса
қалған көрсеткіштердің өзгерістері оның газдық емес 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет