Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет209/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

АСҚА ЖАРЫМАУ
.
Асқа жарымау (жартылай ашығу) толық ашығуға қарағанда 
жиі кездеседі. 
♣ 
тағамдық 
заттардың 
ыдыратылуы 
мен 
ішектерде 
сіңірілуінің 
бұзылыстары 
(мальабсорбция 
және 
мальдигестиялар); 
♣ 
жиі 
қайталанатын 
созылмалы 
(жұқпалы 
аурулар, 
қызбалар, өспе өсуі, аутоиммундық аурулар) дерттер; 
♣ тәбеттің төмендеуі; 
♣ маскүнемдік немесе дәрілермен улану; 
♣ әлеуметтік апаттар — соғыс, жұмыссыздықта адамның 
асқа жарымауына әкеледі. 
Асқа 
жарымау 
адамның 
тіршілігіне 
пайдаланылған 
энергиясының орны тамақпен толығатын энергиямен ұдайы 
толықтырылмауынан дамиды. Мәселен, ол 2500—3500 ккал 
энергия шығындап, оның орнына асқа жарымаудан тамақпен 
2000—1500 ккал-дан аз энергия қабылдайды. Бұндай ашығу
тіршілікті тез үзбейтін болғандықтан, ұзаққа созылады, 
оған организмнің бейімделу мүмкіншіліктері қосылады. 
Организм өзінде бар қуатты өте үнемдеп пайдаланады. Дене 
массасы біртіндеп азаяды және ол организмде судың артық 


241
жиналып қалуынан (ісіну дамуынан) көпке дейін байқалмайды. 
Соған қарамай организм тіндерінде құрылымдық бүліністер 
дамиды. Бұл бүліністер ұзақ болатындықтан толық ашығу 
кезіндегіден де ауыр болады. Дене салмағының 40%-ға жуығы 
азайып, адам жарық дүниеден қайтады. Қан плазмасында 
нәруыздардың деңгейі азаюдан онда онкотикалық қысым 
төмендеуі дененің ісінуіне әкеледі. 
Асқа жарымау кезінде тыныстық коэффициент мардымсыз 
төмендейді. Қан сұйылып, жиі анемия дамиды. Бұл кезде 
жүрек соғуы сиреп, артериалық қан қысымы төмендейді, тыныс 
алу әлсірейді, адам мен жануарлардың жыныстық қабілеті 
азаяды. 
САПАСЫЗ ҚОРЕКТЕНУ
.
Сапасыз қоректену кезінде организмге түсетін тамақтың 
қуаттық, калориялық мөлшері жеткілікті болуы мүмкін. 
Бірақ, бұл кезде ішетін тамақтың құрамында кейбір маңызды 
бөлшектері болмайды. Ішетін тамақта көмірсуларының аз 
болуынан бауырда гликогеннің қоры азаяды. Осыдан оның 
уытсыздандыру қабілеті төмендейді, майлардың бауырға 
тасымалдануы 
күшейіп, 
онда 
олардың 
толық 
тотығуы 
болмауынан кетондық денелердің түзілуі артады. Бұндай 
жағдай сирек кездеседі. 
Тамақпен майлардың жеткіліксіз түсуінен организмде 
алмастырылмайтын май (арахидон, линол және линолен) 
қышқылдарының 
тапшылығы 
болады. 
Содан 
жасуша 
мембраналарының құрылымы бұзылады. Жасушалардың өсіп-өнуі, 
бөлінуі тежеледі. Сонымен бірге тамақта май болмаса, майда 
еритін витаминдердің ішектерде сіңірілуі болмайды, олардың 
организмдегі тапшылығы арта түседі. 
Сапасыз қоректенудің ауыр түрінің біріне тамақта 
нәруыздардың 
тапшылығы 
жатады. 
Бұл 
кезде 
тамақпен 
организмге енетін нәруыздың мөлшері тым аз болуынан, ол 
организмнен шығарылатын азоттың орнын толтырмайды. Осыдан 
организмде теріс азоттық теңгерім (баланс) дамиды. 
Организмде ағзалар мен тіндердің жасушалары өсіп-өніп, 
жаңарып тұруы үшін нәруыздардың түзулі ұдайы болып тұруы 
қажет. 
Тамақтың құрамында нәруыздардың жеткіліксіздігінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет