Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


нәруыздық- калориялық (энергиялық) жеткіліксіздік



Pdf көрінісі
бет210/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

нәруыздық- калориялық (энергиялық) жеткіліксіздік 
дамиды. 
Ол екі түрде, жиі олардың аралық түрлері, кездеседі. Оның 
бірінші түрін 
квашиоркор немесе үйлестірілмеген, 
екінші 
түрін 
ауқаттық азғындау (маразм) немесе үйлестірілген 
дейді.
Квашиоркор 
батыс Африка елі Гана тілінде, жас бала 
туғаннан кейін оның алдында туған баланың ауруы деген 
мағынаны беретін, 
емшек сүтіне жарымаған 
баланың ауруын 


242
білдіреді. 
Емшектен 
ерте 
шығарылған 
бала 
анасының 
сүтіндегі 
сапалы 
нәруыздардан 
айырылып, 
негізінен, 
ересектер қоректенетін, көмірсуларынан тұратын тағаммен 
қоректендіріледі. Осыдан тым ерте сапалы нәруыздардан 
айырылған балалардың ішкі ағзаларындағы нәруыздар тез 
ыдыратылады. Сол себепті олардың денесінде қатты ісіну 
пайда болады. Организмнің оған бейімделу мүмкіншіліктері 
тез арада таусылады. Содан бала ерте шетінеп кетеді. 
Ауқаттық азғындау 
баланың
 
толық ашығуының нәтижесінде 
дамиды. 
Бұл 
кезде 
организмнің 
ашығуға 
икемделу 
мүмкіншіліктері 
ұзағырақ 
болады. 
Организмге 
қажетті 
энергия түзу үшін негізінен май тіні мен бұлшықеттердің 
нәруыздары пайдалынады да, ішкі ағзалардың нәруыздары 
біршама уақыт қалыпты мөлшерде сақталып қалады. Сол 
себепті бұлшықеттер мен май жасушаларының қатты семуі 
болады, бірақ дененің ісінуі, ішкі ағзалардың нәруыздары 
сақтағандықтан, ұзақ мерзім байқалмайды. Ересек адамдар 
толық ашыққанда, оған екіншілік жұқпалар қосылмаса, ашығу 
осы жолмен өтеді. Ал жас балалар толық ашыққанда ауқаттық 
азғындау дамиды. Бұл кезде глюкокортикоидтық гормондар, 
соматостатин мен глюкагон тым көп өндіріледі. Олар 
квашиоркор кезінде көбеймейді. Бұл синдром кезінде 
негізінен әлдостерон өндірілуі артады және әртүрлі 
цитокиндердің (кахексин) әсері күшейеді. Ол тропикалық 
мемлекеттер 
тұрғындарының 
балаларының 
арасында 
жиі 
кездеседі. 
Ашығудың бұл келтірілген екі түрлерінде де тапшылықты 
анемия, гиповитаминоздар байқалады. Қандағы әлбуминдердің 
мөлшері 35 г/л-ден, трансферриннің деңгейі 2 г/л-ден, 
ретинолды байланыстыратын нәруыздың 0,03 г/л-ден төмендеуі 
ішкі ағзалардың нәруыздарының таусылуын көрсетеді. Сонымен 
қатар қанда лимфоциттердің азаюы, теріге аллергиялық 
сынамалар жасағанда анергия болуы да жанама түрде осындай 
ақпарат бере алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет