Қызба
мен
асқын
қызынудың
(гипертермияның)
айырмашылықтары.
Қызба мен гипертермия кездеріндегі дене қызымының
көтерілу
жолдары
мен
себептері
әртүрлі
болады.
Гипертермияның
негізгі
себебі
болып
сыртқы
орта
темпертурасының жоғары көтерілуі есептеледі. Ол ыстық
өндірістерде істейтін жұмысшыларда, ыстық климаты бар
аймақтардың тұрғындарында т. б. жағдайларда байқалады. Бұл
кезде сыртқы ортада температура көтерілуіне организмнің
икемделістік тетіктері белгілі уақытқа дейін қарсы тұрады.
Терінің қан тамырлары кеңиді, тыныс алу және жүрек соғуы
жиілейді. Артынан бұл икемделістік тетіктер жеткіліксіз
болып, дене қызымы көтеріледі, гипертермия дамиды.
Қызба кезінде термореттеу тетіктерінің өзгерістері дене
қызымын көтеруге бағытталған, ал гипертермия кезінде олар
дене қызымы көтерілуіне қарсы тұрады. Дене қызымының
көтерілуі қызба кезінде пирогендердің әсерінен болады, ал
гипертермия кезінде олардың маңызы болмайды. Кейде
гипертермияны зат алмасуларын арттыратын (α-динитрофенол,
кофеин, фенамин, тирокси.н т. б.) дәрі-дәрмектердің
көмегімен алуға болады. Бұл кезде тотығу үрдістерінің
фосфорланудан
ажырауына
байланысты
организмде
жылу
өндірілу артады.
Қызба
кезіндегі
ағзалар
мен
жүйелердің
өзгерістері.
Қызба белгілі бір дерттер кездерінде болатындықтан
ағзалар
мен
жүйелердегі
өзгерістер
сол
аурудың
патогенезіне және ет ысуына байланысты болады. Сондықтан
таза қызбаның әсерлерін тек жануарларда ғана зерттеуге
болады.
Қызба кезінде ең айқын өзгерістер қан айналым
жүйесінде байқалады. Дене қызымының 1
˚
С-ға көтерілуі,
тамыр соғуының минөтіне 8-10-ға жиілеуімен сипатталады.
Бұны жүректің синустық торабы ыстық қанмен қоздырылуымен
түсіндіреді. Сонымен бірге, ет ысуы кезінде симпатикалық
252
жүйкелердің межеқуаты көтерілуі де тахикардия дамуына
белгілі үлесін қосады. Жүрек соғуы жиілеудің нәтижесінде
қанның минөттік көлемі үлкейеді. Ет ысуының бірінші
сатысында артериялық қан қысымы көтеріледі, терінің қан
тамырлары
жиыры-лады,
ішкі
ағзалардың
тамырлары,
керісінше, кеңиді. Үшініпі сатысында дене температурасы
күрт төмендеуінен артериялардың межеқуаты қатты азайып,
қан тамырлары қызметінің қауырт дамитын жеткіліксіздігі
(коллапс) байқалуы мүмкін.
Кейде дене қызымы көтерілуіне қарамай тахикардия
дамымайды. Мысалы, іш сүзегі немесе соқпа сүзек кездерінде
брадикардия дамуы ықтимал. Ол көрсетілген микробтардың
уыттарымен организмнің уыттануынан дамиды. Тыныс алу
қызбаның бірінші сатысында біршама сирейді. Ары қарай дене
қызымы үлкен деңгейге жеткен соң, тыныс, кейде 2-3 есе
жиілейді. Бұл кезде тыныс алудың тереңдігі азаяды, бірақ
оның
жиілеу
есебінен
өкпенің
минөттік
желдетілуі
өзгермейді. Сыртқы тыныстың жиілеуі мидағы тыныс алу
орталығының ыстық қанмен қоздырылуынан болады.
Қызба кезінде ас қорыту жүйесінде айқын өзгерістер
пайда болады, сілекей бөлінуі азаяды (ауыз қуысы
құрғақтанып, тілде таңдақтар пайда болады), асқазан
сөлінін бөлінуі мен оның қышқылдығы төмендейді, ішек-
қарынның қимылдық әрекеттері әлсірейді.
Қызба эндокриндік жүйенін өзгерістерімен сипатталады.
Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты глюкокортикоидтық
гормондарды артық түзеді. Жұқпалы аурулар кездерінде ет
ысуы қалқанша бездің гормондарының көп түзілуіне әкеледі.
Осыдан негізгі алмасу көтеріледі.
Орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу үрдістерінің
ара қатынасы өзгереді, жоғары жүйке әрекеттері әлсірейді,
бас ауыруы, шаршау сезімі, ұйқы басу немесе көз ілінбеу
т. б. белгілер пайда болады. Жұқпалы аурулар кездерінде,
әсіресе жас балаларда, бұл құбылыстар өте ауыр түрде өтуі
мүмкін. Бұл кезде естен тану, сандырақтау, елестеу пайда
болады. Кейде бұл құбылыстар дене қызымының тіпті орташа
көтерілуінде де болуы мүмкін. Сондықтан олардың даму
жолдарында
организм
уыттануының
маңызы
зор
екенін
көрсетеді.
Қызба кезінде зат алмасу үрдістерінің барлық түрлері
бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бұзылады.
Бауырда, бұлшықеттерде гликогеннің мөлшері азайып, қанда
гипергликемия
дамиды.
Глюкозаның
тотығуы
күшейеді.
Артынан көмірсуларының организмде қоры азаюына байланысты
майлардың пайдаланылуы артады. Май қышқылдарының тотығуы
аяғына дейін жүрмей, аралық өнімдері (кетондық денелер)
|