254
енгізеді.
Бұндай
емдеу
әдісін
пиротерапия
дейді.
Пиротерапия мерезді, созды, тері ауруларын (экзема,
фурункулез), полиартриттерді, ауыр
өтетін гипертензияларды
т. б. емдеу үшін пайдаланылады. Пирогендер (пирогенал,
пиромен) күйіктен кейінгі бұжырланған (келлоидты, грек.
Кеlе - өспе, еіdo - ұқсас) тыртықтарды, жұлын мен шеткері
жүйкелердің жарақаттанудан бүліністерін емдеу кездерінде
жағымды әсер етеді. Олар глиалдық және коллагендік
тыртықтардың
құрылуын
тежейді,
ескі
тыртықтарды
жұмсартады.
Сонымен, дене қызуының көтерілуі жағымсыз ықпалдарға
организмнің төзімділігін көтеруі мүмкін.
Сол себептен
егер
ет
ысуы
тым
қатты
көтеріліп
кетпесе,
оны
төмендететін дәрілерді пайдаланудан сақ болған жөн.
Шеткері ағзалар мен тіндердегі қан айналым
патофизиологиясы
Организмдегі жалпы қан айналым: жүйелік (орталық) және
шеткері
(ағзалық,
тіндік)
болып
бөлінеді.
Жүйелік
қанайналым
деп
жүрек
пен
ірі
қан
тамырларындағы
қанайналымын айтады. Шеткері қанайналым деп ағзалар мен
тіндердегі ұсақ тамырлардағы қанның айналымын және
олардағы микроциркуля-цияны айтады. Микроциркуляцияның
нәтижесінде
қан
мен
тіндердің
арасында
сумен,
электролиттермен,
қоректік заттармен, оттегімен, көмір
қышқылы газымен және зат алмасу өнімдерімен алмасу болады.
Сонымен бірге теріде шеткері қан айналым дене қызымын
реттеуге қатысады. Шеткері
қан айналымның реттелуі
жүйкелік-сұйықтық
жолдармен
болады.
Қан
тамырларын
тарылтатын немесе кеңейтетін жүйкелер бар. Тарылтатын
жүйкелерді
вазоконстрикторлар,
кеңітетін
жүйкелерді
вазодилятаторлар деп атайды. Қан тамырларына сұйықтық
(гуморалдық) жолмен көптеген биологиялық белсенді заттар,
бейорганикалық иондар (Н
+
, К
+
т. с. с.),
зат алмасу
өнімдері, гормондар т. б. әсер етеді. Майда тамырларға бұл
заттардың әсерлері жүйкеліік ықпалдардан басымырақ болады.
Жергілікті қан айналым өзгерістері артериялық, веналық
қан кернеулері (гиперемиялар), ишемия, реперфузия, стаз,
тромбоз, эмболия түрлерінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: