Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет223/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жағымсыз жақтары: 
● ағза мен тіндерге қан құйылу 
мүмкіншілігі; 
● өспе дамуына қолайлылық; 
● метастаз тарау мүмкіншілігі; 
● улы өнімдердің денеге тарап 
кету мүмкіншілігі. 
Артериалық гиперемия 
Жағымды жақтары: 
● оттегі мен қоректік 
заттардың тіндерге 
тасымалдануы жақсаруы; 
● тотығу-тотықсыздану 
үрдістерінің артуы; 
● энергия түзілуінің 
көтерілуі; 
● ағза қызметінің көтерілуі. 
 


257
кинин жүйесі т. б.) жатады. Бұл өнімдер тіндердің (қабыну, 
күйік, үсік, жарақат, иондагыш сәулелер, ультракүлгін 
сәулелер, гипоксия, аллергия кездеріндегі) бүліністерінде 
өндіріледі. Олар қан тамырларының қабырғаларындағы тегіс 
салала еттерді босаңсытып, майда артериялардың кеңуіне 
әкеледі. Сондықтан бұндай жолмен дамыған артериялық қан 
кернеуін 
миогендік гиперемия 
дейді

Артериялық 
гиперемия 
кезінде 
жергілікті 
микроциркуляцияның өзгерістері болады. Бұл өзгерістерге: 
● майда артериялар мен артериолалар кеңуі; 
● 
қызмет 
атқаратын 
қылтамырлар 
мен 
майда 
көктамырлардың саны көбеюі; 
● оларда қан қысымы көтерілуі; 
● майда тамырларда қан ағу жылдамдығы ұлғаюы - жатады. 
Қызмет атқаратын қылтамырлар көбейгенінен олардың 
қабырғалары арқылы тіндерге оттегінің, қоректік заттардың 
тасымалдануы, тіндерден зат алмасудың қалдық өнімдерінің 
шығарылуы жақсарады. Осыдан тіндерде заттардың алмасуы
ұлғаяды, энергия түзілуі артып, ағзалардың қызметтері 
көтеріледі. Қылтамырларда қан қысымы көтерілуі сұйықтың 
тамыр сыртына сүзілуін көбейтеді. Бірақ ол ісінуге 
әкелмейді. Өйткені бұл кезде лимфаның ағуы жақсарады да, 
қылтамырлардан шыққан сұйық, тінаралық кеңістіктерге 
жиналып қалмай, лимфамен жалпы қанайналымға түседі. 
Артериялық гиперемияның осы жағымды жақтары клиникалық 
медицинада 
кеңінен 
пайдаланылады. 
Ол 
үшін 
әртүрлі 
қыздырғыштар (парафин, озокерит, қыша қағаз) және ысқымақ 
(массаж) 
қолданылады. 
Сонымен 
бірге 
артериялық 
гиперемияның жағымсыз жақтары да бар. Мәселен, қабырғалары 
өзгерген 
артериялар 
(артериосклероз 
кезінде) 
артық 
керілуінен оның жыртылып кетуі, содан миға немесе басқа 
ағзага қан құйылуы мүмкін. Сондықтан гипертониялық ауруы 
бар адамдарға ыстық былау қабылдауға болмайды. Ағзаларда 
өспе өсуі байқалғанда артериялық гиперемия оның өсуін 
күшейтіп, 
метастазалардың 
қанмен 
таралуын 
ұлғайтуы 
ықтимал. Осы себептен организмде өспесі немесе өспе алды 
жағдайлары бар адамдарда жылумен емдеу шараларын қолдануға 
болмайды (8-сызбанұсқа). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет