Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Тромбоз дамуының салдарлары



Pdf көрінісі
бет231/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тромбоз дамуының салдарлары.
Тромбоз көптеген құбылыстарға әкелуі мүмкін. Қан 
тамырларының 
жарақаттануы 
кезінде 
тромб 
құрылуының 
қансыраудан сақтандыратын жағымды жағы бар. Егер қан 
қатпасы артериялық тамырды бітеп қалса, онда сол 


270
артерияның қанмен қамтамасыз ететін аумағында ишемия 
дамып, инфаркт пайда болады. Егер ол көктамырды бітеп 
қалса, онда тромб тұрған жерден төмен көктамырларда қан 
іркіліп қалуына (веналық гиперемия дамуына) әкеледі.
Қан қатпасының өзі бірнеше өзгерістерге ұшырауы 
ықтимал: 
● 
бактериялардың 
қатысуынсыз 
(асептикалық), 
фибринолиздік т.б. гидролиздік ферменттердің әсерлерінен 
қан қатпасының ыдырауы; содан жергілікті қанайналымның 
қалпына келуі байқалады; 
● бактериялардың әсерлерінен қан қатпасының ыдырауы
бүкіл денеге іріңді ошақтар тарап кетуіне әкелуі мүмкін; 
● қан қатпасында дәнекер тіні өсіп-өніп, оның 
беріштеніп 
қалуы 
тромбтың 
организациясы 
делінеді; 
Беріштенген қан қатпасының талшықты тіндері қысқарып 
жиырылуынан 
оның 
ішінде 
жаңа 
өзектер 
ашылуы 
(реканализация) болып, қанайналым қалпына келуі мүмкін; 
● қан қатпасында кальций тұздарының жиналуынан 
(кальцификация) ол қатайып қалуы ықтимал; 
● қан қатпасының бір бөлшегі үзіліп кетіп, жалпы 
қанайналымға түсуінен тромбэмболия дамуы мүмкін. (4-
сурет). 
4-сурет. Тромбоздың зардаптары (I. C. E. Underwood 
бойынша). 
АРТЕРИЯЛЫҚ ТРОМБОЗДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Артериялық тромбоздың клиникалық түрлеріне тромбоздық 
тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) және гемолиздік-уремиялық 
синдром (ГУС) жатады. ТТП — қанда тромбоциттердің 


271
азаюымен, 
гемолиздік 
анемиямен, 
жүйке 
жүйесінің 
бұзылыстарымен 
қабаттасатын 
ишемияның 
белгілерімен 
көрінеді. ГУС кезінде жедел дамитын бүйрек қызметінің 
жеткіліксіздігі 
байқалады. 
Бұл 
кезде 
жүйке 
жүйесі 
бұзылыстарының белгілері байқалмайды. 
ТТП 
кезінде 
тромбоциттерден 
және 
аз 
мөлшердегі 
фибриннен 
тұратын 
қан 
қатпалары, 
ішкі 
ағзалардың 
ишемиясына әкелетін, көптеген майда артериялар мен 
қылтамырларды бітеп қалады. 
ГУС кезінде тамыр ішіндегі тромбоциттердің өзара 
жабысуы мен фибрин түзілуінің күшеюі негізінен тек бүйрек 
тамырларында болады. Бұл екі жағдайларында да (ТТП және 
ГУС 
кездерінде) 
тромбоциттердің 
тамыр 
ішінде 
шоғырлануларынан (агрегациясынан) шеткері қанда олардын 
саны азаяды, тромбоцитопения дамиды. ТТП-мен сырқаттанған 
науқас адамдарда тромбоциттердің саны, ГУС-мен ауыратын 
науқастарға қарағанда, көбірек азаяды. 
ТТП-мен, ГУС-мен ауыратын адамдарда тромбоцитопениядан 
басқа эритроциттердің ұсақ бөлшектерге бөлшектенуі болады. 
Тромбпен жартылай бітелген артериялар мен қылтамырлар 
арқылы 
эритроциттер 
қозғалғанда 
өте 
алмай, 
олар 
бөлшектенеді. 
Бұл 
кездерде 
жиі 
микроангиопатиялық 
гемолиздік анемияның белгілері байқалады. Шеткері қан 
жағындыларында 
бөлшектелген 
эритроциттер 
(шизоциттер) 
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет