265
қиындатып, тоқтатуы маңызды. Эритроциттердің шоғырланысы
қылтамырлар ішіне енген агрегация туындататын ықпалдардың
тікелей әсерлерінен дамиды. Олар эритроциттердің сыртқы
мембранасында физикалық-химиялық өзгерістерге ұшыратады.
Нағыз
стаздың
патогенезінде
қанның
қоюлануынан
қылтамырларда қан ағу жылдамдығы баяулауы маңызды орын
алады.
Бұл
кезде
қылтамырлардың
қабырғаларының
өткізгіштігі көтерілуінің маңызы үлкен. Оған тіндердегі
зат алмасуларының өнімдері (органикалық қышқылдар, төмен
рН), биологиялық белсенді заттар (серотонин, брадикинин,
гистамин т.б.) әкеледі. Осыдан тамыр қабырғаларының
өткізгіштігі көтерілуі, ұсақ тамырлардың кеңуі, қанның
қоюлануы,
оның
ағу
жылдамдығының
баяулауы,
эритроциттердің өзара жабысуына әкеліп, стаз
дамытады. Қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі
көтерілуінен әлбуминнің тамыр сыртына шығуы артып, қан
сұйығында әлбумин / глобулин арақатынасы төмендейді.
Содан эритроциттердің сыртқы беттерінде электр дәрмені
(заряды) азаюы олардың бір-біріне жабысуына мүмкіншілік
жасайды.
Стаздың нәтижесінде тіндерге қан келу тоқтап, олар
қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етілмейді. Тін
жасушалары тіршілігін жоғалтады. Бірақ стаздың бастапқы
кезінде эритроциттердің агрегациясы қайтымды болады.
Артынан эритроциттердің гемолизі, қан ұю үрдістері
қосылып, стаз қайтымсыз сатысына ауысады. Бұл саты
«сладж» (ағылш. Sludge - кір, балдыр) деп аталады.
Эритроциттер сыртқы қабықтарын жоғалтып, біркелкі массаға
айналады. Мидың, жүректің, бүйректің майда тамырларында
стаз дамуы организм үшін өте қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: