Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет224/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Веналық гиперемия.
Веналық гиперемия 

деп
көктамырлармен қанның жүрекке 
қарай ағып кетуі бұзылудан ағзалар мен тіндерде оның 
іркілуінен дамитын қан кернеуін айтады.
Оған үш түрлі 
себепкер ықпалдар әкеледі: 
● к
өктамырлардың қан ұйындысымен (тромбпен) бітелуі; 
● к
өктамырлар сыртынан (өспемен, тыртық тінімен, 
қабыну кезінде жалқықпен т. с. с.) қысылып қалуы; 


258
● ж
үректің сорғыштық қабілеті әлсіреп, жүрек қызметі 
жеткіліксіздігі дамуы. 
Сонымен 
бірге, 
кейбір 
адамдардың 
көктамырларында 
қақпақшалардың әлсіздігіне тұқым қуалайтын бейімділік 
болады. Сондықтан ұзақ түрегеп тұрып жұмыс істейтін 
мамандардың 
(стоматологтардың, 
акушер-гинекологтардың, 
шаштараздардың т. б.) аяқтарында веналық гиперемия 
(көктамырлардың керіліп (варикоздық) кеңеюі) дамиды. 
Веналық гиперемияның сыртқы көріністеріне: 
● ағзалар мен тіндердің көлемі ұлғаюы; 
● көгілдір түс қабылдауы (цианоз); 
● жергілікті температурасының төмендеуі; 
● ісіну дамуы - жатады.
Бұл кезде ағзалар мен тіндерде микроциркуляцияның 
өзгерістеріне: 
● көктамырлардың кеңеюі; 
● қанға толған қылтамырлардың көбеюі; 
● қанның майда веналар мен қылтамырларда жиналуы; 
● майда тамырларда қан ағу жылдамдығының баяулауы; 
● тамыр ішінде қан қысымы көтерілуі; 
● тамыр сыртына сұйық сүзілуі артуы; 
● лимфа ағып кетуі баяулауы – жатады. (17-кесте). 
Сондықтан веналық гиперемия кезінде ағзалар мен 
тіндердің 
қанмен, 
оттегімен, 
қоректік 
заттармен 
қамтамасыз 
етілуі 
бұзылады, 
тіндерден 
зат 
алмасу 
өнімдерінің 
сыртқа 
шығарылуы 
азаяды. 
Осыдан 
ағза 
жасушаларының қоректенуі бұзылып, ағзаның гипоксиясы, 
атрофиясы дамиды және оның атқаратын қызметі төмендейді.
Қылтамырлардың ішінде қан қысымы көтерілуден және 
тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылаудан сұйықтың 
тамыр сыртына шығуы (транссудация) ұлғаяды, тіндердің 
ісінуі пайда болады. Ісінулік сұйық айналасындағы тін 
жасушаларын, ұсақ қан және лимфалық тамырларды қысып, 
микроциркуляцияның бұзылыстарын одан сайын ұлғайтады. 
Осыдан ағзада дәнекер тіндердің өсіп-өнуі болып, ол 
беріштенеді. Мәселен, жүрек жет-кіліксіздігінен бауырдың 
салдарлық циррозы дамиды. Сонымен, ағза мен тіндердің 
көлемінің ұлғаюы көктамырларда қанның артық жиналуынан 
және ісінуден пайда болады. 
Веналық 
гиперемия 
кезінде 
қылтамырлар 
мен 
көктамырларда қан ағу баяулағандықтан тіндермен оттегінің 
пайдаланылуы толығынан болады да, оларда тотықсызданган 
гемоглобин жиналып қалады. Осыдан ағзаның көгілдір түс 
қабылдауы (цианоз) дамиды. 
Жүрек 
жеткіліксіздігі 
кезінде 
байқалатын 
веналық 
гиперемия кездерінде және ірі көктамырлар (қақпа немесе 


259
қуыс веналары) бітелгенде организмде жалпы жүйелік қан 
айналым бұзылыстары байқалуы мүмкін. Ірі көктамырларда көп 
қан іркіліп қалудан жүрек шығарымы азайып, артериялық 
қысым төмендейді, тіршілікке маңызды ағзалардың (ми, 
жүрек) қоректенуі бұзылады. Жүрек жеткіліксіздігінен 
немесе тыныс орталығының салдануынан организмнің жан 
тапсыруы болады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет