256
орталықтар қоздырылғанда артериялар кеңиді. Оларды көңіл-
күйдің қобалжулары, физикалық, механикалық, химиялық
ықпалдар қоздырады. Парасимпатикалық жүйке жүйесі қозғанда
ацетилхолин артық өндіріліп, қан тамырлары кеңиді. Осындай
қан кернеуін
нейротониялық артериялық гиперемия
дейді.
Симпатикалық
жүйке
жүйесі
негізінен
артериялардың
жиырылуын туындатады. Бұл жүйкелердің қан тамырларына
әсерлері норадреналиннің қатысуымен болады. Тәжірибелік
жануарларда симпатикалық жүйкені кескенде қан тамырларының
кеңуі байқалады. Бұндай қан кернеуін
жүйкесалданулық
(нейропаралитикалық)
артериялық гиперемия
деп атайды. Ол
қабыну кезінде, адреналиннің тежегіштерін енгізгенде
т.с.с. жағдайларда дамиды.
Кейбір тіндерде симпатикалық жүйкелер холинергиялық
әсер етуі мүмкін. Мәселен, бұлшықеттерде, бет еттерінде,
ұрттың кілегей қабықтарында, ішектерде т. б. тіндерде
симпатикалық
жүйкелердің
аяқшаларында
ацетилхолин
өндірілуінен бұл жүйке қозғанда ұсақ артериялар мен
артериолалардың
кеңуі
болады.
Содан
нейротониялық
артериялық гиперемия байқалады. Кейде артериялардың кеңуі
аксон-рефлекс бойынша дамиды. Бұл кезде жүйкелік серпін
шеткері нейронның бір (аксон) бұтағында тарайды.
Артериялардың
гуморалдық
жолмен
кеңуі
әртүрлі
эндогендік, химиялық өнімдердің әсерлерінен болады. Оларға
зат алмасудың қышқыл өнімдері, көмір қышқылының (СО
2
)
артық мөлшері, калий иондары, аденозин, АДФ, АМФ,
биологиялық
белсенді
заттар
(гистамин,
нитроксид,
серотонин, простагландиндер, лейкотриендер, калликреин-
Достарыңызбен бөлісу: