255
●
ағза мен тіннің көлемі және серпімділігі ұлғаюы;
●
жергілікті жерде температураның көтерілуі - жатады.
Артериялық қан кернеуіне төмендегі көптеген себепкер
ықпалдар әкеледі:
●
биологиялық
ықпалдар
(микробтар,
қарапайым
жәндіктер, вирустар т. т.);
●
физикалық
ықпалдар
(ыстық,
суық
температура,
физиотерапиялық емдеу шаралары, инфрақызыл, ультракүлгін
т. б. сәулелер т. с. с.);
● механикалық ықпалдар (жарақат, ысқымақ (массаж);
● химиялық ықпалдар (әртүрлі қыздырғыш заттар, экзо-
және эндоуыттар, зат алмасу өнімдері, скипидар, спирт,
қыша қағаз т.с.с.).
Сонымен бірге ағзаның атқаратын қызметінің көтерілуі
(қол жұмысын атқарғанда бұлшық еттерде, тамақ ішкеннен
кейін асқорыту жолдарында т. с. с.) болады. Адамда жан-
дүниелік әсерлерде (ызалану, ұялу, қобалжу сезімдері)
бетте артериялық гиперемия дамуьша әкеледі.
Артериялық гиперемия физиологиялық және патологиялық
болады. Физиологиялық артериялық гиперемия ағзалардың
қызметтері көтерілгенде, қыздыру, уқалау, көңіл-күйдің
толқулары кездерінде байқалады. Патологиялық артериялық
гиперемия әртүрлі аурулар кездерінде (қабыну, аллергия,
күю, қызба, жарақат, невралгия т. б.) дамиды. Артериялық
гиперемия нейрогендік және метаболизмдік (гуморалдық)
жолдармен дамуы мүмкін. Бұлай бөлінуі шартты түрде ғана
дұрыс. Олар өзара тығыз байланысты. Жүйкелік реттелулер
гумо-ралдық
медиаторлардың
қатысуымен
болады.
Артериялардың жүйкелік жолдармен кеңуі экстеро-, интеро-,
проприорецепторлардан дамитын рефлекстер арқылы дамиды.
Сонымен бірге қан тамырларын кеңітетін жүйкелер мен
8- сызбанұсқа
Достарыңызбен бөлісу: