253 жиналып
қалады, олар несеппен сыртқа шығарыла бастайды
(ацетонурия). Егер еті ысыған адам жеңіл қорытылатын
көмірсулардан
тұратын тағамдарды
жеткілікті мөлшерде
қабылдаса, онда май алмасуының бұзыдыстары қалпьша
келеді. Сондықтан дене қызуы көтерілген адамдар, әсіресе
балалар, тәтті сусынды көп ішулері керек.
Көптеген жұқпалы аурулар кездерінде нәруыздардың
алмасулары бұзылады. Бұл кезде теріс азоттық баланс
дамиды.
Несепте
зәрнәсілдің
(мочевинаның)
деңгейі
көтеріледі. Бұл тіндердің ыдырауын көрсетеді.
Қызбаның организм үшін маңызы. Қызба кезінде тіндердің бүлінуі мен қорғану-икемделу
үрдістері диалектикалық бірлікте болады. Бұл кезде дене
қызымын
әртүрлі
дәрі-дәрмектермен
төмендету
негізгі
аурумен байланысты дерттік өзгерістерді жоғалтпайды,
керісінше, жұқпалы аурулардың өтуін ауырлатуы мүмкін.
Ет ысуының теріс жақтары. Ж оғары температураға кейбір
адамдардың даралық жоғары сезімталдығы болуы мүмкін. Қызба
кезінде адамның естен тануы және тырыспа-селкілдек
ұстамалары дамуы ықтимал. Бұндай жағдайлар, әсіресе жаңа
туған
балалар
үшін,
өте
қауіпті.
Өйткені
оларда
термореттеу жүйесі әлі толық қалыптаспаған.
Қарттар және жүрегі ауыратын адамдар ет ысуын ауыр
көтереді. Себебі қызба кезінде жүректің жұмысы ауырлайды.
Сондықтан жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Қызбаның 3-сатысында дене қызымы күрт түсуінен, қан
тамырларының тез кеңуінен коллапс дамуы ықтимал.
Қызба кезінде адамнын жұмысқа қабілеті төмендейді,
көніл-күйі нашарлайды.
Қызбаның пайдалы жақтары. Дене қызымы көтерілуден:
● микробтардың өсіп-өнуі баяулайды, антибиотиктерге
және бактериялар- дың өсіп-өнуін тежейтін басқа дәрілерге
олардың төзімділігі азаяды;