Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет216/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

248
Қызбаның сатылары. 
Қызба үш сатыда өтеді: 
● 
температураның 
көтерілу 
сатысы 
(stаdium 
іnсгеmеntum); 
● температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы 
(stadium fastigium); 
● температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы 
(stadium dесгеmеntum). 
Қызбаның әр сатысында организмде дене қызымының 
реттелуі әртүрлі болады. 
Температураның 
көтерілу 
сатысы. 
Қызба 
кейде 
температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың 
ішінде, тез (бөліктік (крупозды) пневмония, тұмау, 
безгек, бөртпе сүзек т. б.), кейде біртіндеп, бірнеше 
күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т. б.) көтерілуімен 
басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығарылуы 
шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады. 
Шеткері қан тамырларының жиырылуынан және тер шығудың 
тежелуінен 
жылудын 
сыртқа 
берілуі 
төмендейді. 
Бұлшықеттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-
тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде 
жылу 
өндірілуі 
күшейеді. 
Бұлшықеттердің 
жиырылулары 
кездерінде өндірілетін жылуды 
жиырылулық термогенез, 
бауырда өндірілетін жылуды 
жиырылулық емес термогенез
дейді.
Шеткері қан тамырларының қатты жиырылуы, теріге ағып 
келетін қанның көлемін азайтып, онда температураның 
төмендеуінен 
рефлекстік 
түрде 
дененің 
қалтырауына 
әкеледі. Жиырылған қылтамырларда қан айналымы баяулауына 
байланысты тері бозарып, суыйды. Терінің температураны 
қабылдайтын терморецепторлары қозады, содан жүйкелік 
серпіндер 
мидың 
торлы 
құрылымы 
арқылы 
қимылдық 
жүйкелермен 
бұлшықеттерге 
бағытталады. 
Арқаның, 
қолдардың, кейде жалпы қаңқа еттері талшықтарының еріксіз 
жиырылулары болады. Бұл кезде жиырылған бұлшықеттер 
пайдалы жұмыс атқармайды және өндірілген энергияның 
көпшілігі жылуға айналады. Бұлшықеттердің жиырылуы тоңу 
сезімімен, дененің қалтырауымен қабаттасады. Тері мен 
ішкі ағзалардың температураларының айырмашылығы неғұрлым 
көп болса, соғүрлым дененің қалтырауы күшті болады. Егер 
дене 
қызуы 
температураның 
біртіндеп 
көтерілуімен 
басталса, онда дене қалтырауы болмайды. 
Жануарлардың жүндерінің түптеріндегі тегіс еттерінің 
жиырылуы нәтижесінде ет ысуы кезінде олардың жүндері 
тікірейеді. Осының нәтижесінде жылудың сыртқа шығарылуын 
азайтатын ауа жиналған қабат үлкейеді. Сонымен, қызба 


249
кезінде дене қызымы көтерілуінде бірінші орында жылудың 
сыртқы ортаға шығарылуының шектелуі тұрады. Екінші орында 
бұлшықеттерде зат алмасуларының артуына байланысты жылудың 
артық өндірілуі болады. Сонымен бірге жылудың өндірілуі 
бұл кезде басқа ағзаларда да (бауырда) артады. Оның даму 
жолында пирогендердің әсерлерінен тотығу мен тотығулық 
фосфорланудың ажырауынан жылу өндірілудің көбеюі жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет