құбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады. Бұл кезде пирогендік (грек. ругеtоз — ыстық, ...
ген-туындататын)
заттардың
әсерлерінен
термореттеу
орталықтары
әрекеттерінің
өзгеруі
дене
қызымының
көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу тетіктері
бұзылмай сақталып, жоғары деңгейге көтеріледі.
Қызба жануарлардың даму сатыларында қабынуға
қарағанда біршама кеш пайда болатын үрдіс. Ол орталық
жүйке жүйесі жақсы дамыған және термореттеу қызметі
қалыптасқан жануарларда ғана дамиды.
Жаңа туған балалар мен жануарларда химиялық термореттеу
немесе жылу өндіруді реттеу біршама жетілген болса да,
физикалық термореттеу немесе жылуды сыртқа шығаруды реттеу
көпке дейін жетілмеген болады. Сондықтан олар ересектерге
қарағанда тез қыздырылады және жылдам мұздайды. Жаңа туған
нәрестелерде терморетгеу толық жетілмеуінен дене қызуы
біресе көтеріліп, біресе төмендеп тұрады. Өйткені оларда
физикалық термореттеу немесе жылуды сыртқа шығаруды тез
шектеу қабілеті жетілмеген.
Тері тамырларының тез жиырылу қабілеті онтогенезде
қалыптаспай организмде жылу өндірілу көтерілгенмен қызба
пайда болмайды.
Этиологиясы . Қызба
пайда
болу
себептеріне
қарай
инфекциялық және бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Инфекциялық
қызба
бактериялардың,
вирустардың,
қарапайым
жәндіктердің,
майда
саңырауқұлақтардың
әсерлерінен
дамиды.
Бейинфекциялық
қызба
тіндердің
бүлінуіне
әкелетін
сыртқы
және
ішкі
ықпалдардың
245 әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат,
инфаркт, қан қүю, ішке қан қүйылу, аллергия, өспе өсуі,
цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында