Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет211/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Сусынның тапшылығы. 
1-2 күн су ішпеген жануарлар тамақ 
ішуден бас тартады. Сондықтан оларда сусыз толық ашығу 
дамиды. Организмде тіндердің ыдырауы күшейіп, олардың 
ыдырау өнімдері организмді уыттандырады. 
Витаминдердің тапшылығы. 
Витаминдердің жеткіліксіздігі 
сапасыз қоректенудің ең жиі кездесетін түріне жатады. Олар 
экзогендік және эндогендік болуы мүмкін. Мына жағдайларда:
● і
шетін тамақта (бір беткей тамақтанудан, тамақты тым 
ұзақ сақтаудан немесе дұрыс сақтамаудан, оны тым көп 
қайнатудан) витаминдердің аз болуынан; 
● і
шетін тамақта витаминдердің қалыпты деңгейде 
болғанына қарамай, организмнің әртүрлі жағдайларынан 


243
оларға мұқтаждығы артуынан, витаминдердің экзогендік 
жеткіліксіздігі байқалады. Мәселен, жылдың суық уақытында 
организмге 
тиамин 
жетіспейді. 
Солтүстік 
аймақтарда 
ретинол, кальциферол, В-витаминдері жетіспеуі дамиды. Ауыр 
қол 
жұмысын 
атқарғанда 
В-витаминдеріне 
организмнің 
мұқтаждығы көтеріледі. Қатты терлеу кезінде организмнен 
суда еритін витаминдер термен сыртқа көптеп шығарылады. 
Жүкті 
және 
бала 
емізетін 
әйелдердің 
витаминдерге 
мұқтаждығы жоғары болады. 
● витаминдердің эндогендік жеткіліксіздігі ішектерде 
олардың сіңірілуі бұзылудан болады. Ішек сөлінде липаза 
ферменті аз болуынан, ішекке өт түспеуінен немесе ішек 
қабырғалары арқылы витаминдердің белсенді тасымалдануы 
бұзылудан олардың эндогендік жеткіліксіздігі дамиды. 
Әртүрлі 
витаминдердің 
жеткіліксіздігі 
кездерінде 
белгілі бір жалпылама көріністер байқалуы мүмкін. Көптеген 
суда еритін витаминдер әртүрлі ферменттердің коферменттері 
болып 
келеді. 
Сондықтан 
олардың 
тапшылығынан 
зат 
алмасуларының әртүрлі бұзылыстары байқалады. Бұл кезде 
дене салмағы азаяды, иммунитеттің бұзылуы, бұлшықеттердің 
әлсіздігі, бой өсуінің баяулауы байқалады. Сонымен бірге 
РР 
витаминдерінің 
болмауынан 
жүйке 
аурулары, 
Е 
витаминдерінің аздығынан жасуша мембраналарында майлардың 
асқын тотығуынан көптеген ішкі ағзалардың қызметтерінің 
бұзылыстары, РР витаминдерінің тапшылығынан — асқорыту 
жолдарының бүліністері байқалады. Сонымен қатар көптеген 
жекелеген 
витаминдердің 
жеткіліксіздігіне 
ғана 
тән 
бұзылыстар да болады (мешелдік, геморагиялық диатездер, 
пеллагра т. с. с.). 
Сапасыз қоректенудің нәтижесінде микроэлементтердің де 
жетіспеуі байқалады (электролиттер алмасуының бұзылыстарын
қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет